XII Еуразия медиа форумы басталды

XII Еуразия медиа форумы басталды

XII Еуразия медиа форумы басталды
ашық дереккөзі
233

Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында XII Еуразия медиа форумы ашылып, ресми түрде өз жұмысын бастады. Әлемнің саяси сарапшылары, медиа нарық өкілдері бас қосатын форумның биылғы тақырыбы – Әлемдік қақтығыстардың сипаты мен салдары.
Форумның ашылу салтанатында Еуразия Медиа Форумы Ұйымдастыру
комитетінің төрайымы Д.Н.Назарбаева:

«Астанадағы соңғы кездесуден кейін бір жылдың қалай өте шыққанын байқамай да қалыппыз.
Уақыт алға қарай жүйткіп барады. Кейде 21-ші ғасырда жылдар жылдам өтіп
жатқан сияқты боп көрінеді. Біз өзгереміз, қоғам да өзгереді. Қай-қайсымыз да
өзгереміз. Еуразия Медиа Форумы да есейді. Міне, енді, осымен он екінші рет
«Біздің Форумға қош келдіңіздер!» дейміз. Еуразияның қақ жүрегі – Астанаға қош келдіңіздер!»,
деді.

  Биылғы конференцияға АҚШ Конгресі
Өкілдер палатасының экс-спикері Ньют Гингрич, Израилдің бұрынғы
премьер-министрі, «Ацмаут» партиясының жетекшісі Эхуд Барак, ресейлік Бірінші
арнаның тележүргізушісі, журналист Владимир Познер сияқты сарапшылар қатыспақ.

  «ТМД-ның
бірқатар елдеріндегі оқиғалардың қайғы мен қасіретке ұласуы, Таяу Шығыста соғыс
түтінінің сейілмеуі, Азия атырабында болып жатқан құбылыстар әлемдегі көптеген
бақылаушыларға Post-Cold War Period деп аталатын кезең аяқталды деуге мүмкіндік
береді. Мұны қазақша қысқа сөзбен қайыру да қиын. Толығырақ айтсақ, «Қырғи
қабақ соғыстың» аяқталуымен басталған әлемдік тарихи дәуір өзінің мәресіне
жетті.

Не болып жатыр?

Өткен ғасырдағы 80-ші жылдардың
соңында ғаламдық саясатта қалыптасқан бейресми, тіпті, қағазға түскен ережелер
күшін жоғалтты. Әрбір ықпалды күш оларды өзінше түйіндеп, өзгенің мүддесімен
есептеспейді. Содан болар, ғаламшардың әр жерінде шиеленіс ошағының көбейіп
жатқаны кездейсоқ құбылыс емес. Бұл туралы «Жаңа әлемдік тәртіп. Әлемдік
дағдарыстың сипаты мен салдары» деп аталатын Форумның алғашқы мәжілісінде сөз
қозғаймыз», – деді Д.Назарбаева.

Сондай-ақ Украина жағдайын да
назардан тыс қалдырмады.Сочи олимпиадасының атағын Украинаның қайғылы жағдайы
жапқанын да өкінішпен еске алды. «Небәрі екі ай бұрын Сочи Олимпиадасы
миллиардтан асатын әлемдік телекөрермені әрі миллиардтаған медиа-бюджетімен
үстіміздегі жылдың ең басты гуманитарлық медиа оқиғасына айналатындай боп
көрінген. Бірақ өкінішке қарай, оның орнын Украинадағы қайғылы оқиғалар мен
Қырымдағы жағдай басты. Содан болар, Форумның екінші күні Украина мен осы елдің
төңірегіндегі ахуалға арналған сессиямен басталады. Біз жақын досымыз,
сауда-саттықтағы сенімді серіктесіміз Украинаға алаңдаймыз. Бұл елмен
байланысымыз сан-салалы. Бұл оқиғалар біздің әрқайсымызға кеп тіреледі», – деді
ашылуында.

Серіктес жаңалықтары