Оралман: Сүйінші жаңалық!

Оралман: Сүйінші жаңалық!

Оралман: Сүйінші жаңалық!
ашық дереккөзі
238

«Түркістан» газетінің жанынан құрылған «Алдаспан»  интеллектуальдық пікірсайыс алаңының кезекті отырысы «Оралмандар: тұрақты
тіркеу неге қиын?» деген тақырыпқа арналып, оралмандардың азаматтық алуы былай
тұрсын, Қазақстанда тұрақты тіркелуінің қиямет қайымға айналғаны жайында жазған
еді.

Ал бүгін Министрлер кабинеті оралмандарды сыртқа
теппейтіндігін танытты. Сөйтіп, бұйдасы кері айналған қазақ көші қайта
жанданатын болды. Мәселені нақтырақ баяндасақ, бұл жайында бүгін яғни сәуірдің 22-сінде Орталық
коммуникациялар қызметінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Тамара Дүйсенова мәлімдеген.

Бұған дейінгі заңнамалық актілер бойынша,  Үкімет арнайы бекіткен Қазақстанның жеті облысына ғана атбасын
тірегендер (олар: Қостанай, Шығыс Қазақстан облысы, Солтүстік Қазақстан облысы,
Павлодар, Ақмола, Атырау және Батыс Қазақстан облысы) «оралман» мәртебесіне қол
жеткізе алатын болған. Ал оралман мәртебесіне қол жеткізгендерден өзгелері,
Қазақстанның басқа өңірлеріне тұрақты тұру үшін төлем қабілетін дәлелдеуге тиіс
еді. Ол үшін жеке есепшотында кемінде 2 миллионнан астам теңге болуы
керек. Әрі Қазақстан азаматтығын алу үшін бақандай төрт жыл күту қажет болған
еді. Бүгін Үкіметтің беті бері қарапты. Өз қандасына өзі тасбауырлық танытқан
шенеуніктер өткен жылы ғана қабылдаған «Еңбек мигранттары» туралы заңның
қоғамда аса көп талқылауға түскені және биліктің бұл қадамы қатаң сынға
ұшырағаны мәлім. Ал бүгінгі жаңалық бойынша, оралмандар азаматтық алу үшін де, «оралман»
мәртебесін алу үшін де бақандай төрт жыл күтудің қажеті жоқ. Азаматтық алуды да,
оралман куәлігін алуды бір жылға сыйыстырып бітіру көзделіп отыр. Сонымен бірге
оралмандар Қазақстанның қай өңіріне келсе де, төлем қабілетін растаудың қажеті
жоқ.

“Сондай-ақ, оралмандар қайда орналасуды өздері
таңдайтын болады. Біз еңбек ресурстары сұранысқа ие өңірлерді анықтаймыз. Алайда
оған бару-бармауды оралман өзі шешеді. Егер
оралман біз қалаған аймаққа барып тірлік етуді жөн санаса, ол үшін арнайы
әлеуметтік көмектер қарастырылған. Ол әрине, жол шығыны және жүк тасымалдауға бөлінетін
қаржы. Әрі аталған аймақтарға орналасқан оралмандарға қызметтік пәтер бөлінбек.
Ол пәтерлер бес жылға жалға беріледі. Бес  жылдан кейін ғана, оны жекешелендіріп алуына
мүмкіндік беріледі, – дейді Тамара Дүйсенова.   

Серіктес жаңалықтары