«Астана ЭКСПО-2017» ҰК менеджерлерінің санын қысқартты

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК менеджерлерінің санын қысқартты

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК менеджерлерінің санын қысқартты
ашық дереккөзі
367

Бүгін «Астана ЭКСПО-2017» ҰК басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов компания ұжымына топ-менеджменттің жаңа құрылымын таныстырды. Бұл туралы ұлттық компанияның баспасөз қызметі хабарлады. Жаңа құрылым бойынша, басқарма төрағасы орынбасарларының саны 5-тен 3-ке, басқарушы директорлар саны 9-дан 4-ке қысқарған. Сондай-ақ, бірқатар департаменттер таратылды. Бұдан былай ұлттық компанияда 20 департаменттің орнына 18 департамент және «Құрылыс дирекциясы» филиалы жұмыс істемек. Төраға «Астана ЭКСПО-2017» ҰК-ның қазіргі құрылымы айтарлықтай жеңілдетілгенін және міндеттердің қосарлануы мен көпсатылылығы болмайтынын ескертті. Айтпақшы, компаниядағы жалақ көлемі де айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Әлішер Пірметовтың айтуынша, жалақының жылдық қоры 150 млн. теңгеге қысқартылған. Айта кетейік, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ осыдан екі жыл бұрын, 2013 жылғы 15 қаңтарда ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін дайындау және өткізу үшін құрылды. Астана қаласында 2017 жылғы 10 маусымнан бастап 10 қыркүйек аралығында өтетін халықаралық шараның жоғары дәреже ұйымдастыру – компанияның негізгі міндеті.

Серіктес жаңалықтары