Барлық су қоймалары бақылауға алынды

Барлық су қоймалары бақылауға алынды

Барлық су қоймалары бақылауға алынды
ашық дереккөзі
262

Таяуда облыс әкімі Бауыржан Әбдішев Төтенше жағдайлар комиссиясының отырысын өткізді. Жиында тасқын зардабының алдын алу және зардап шеккендерге жәрдем беру туралы мәселелер қарастырылды. 

Аймақ басшысы тасқын зардаптарын алдын алу үшін 2014 жылға арналған іс-шаралар жоспары бар екенін еске салды. Аталған жоспарға сәйкес аудан әкімдеріне, гидротехникалық құрылыстардың жеке меншік иелеріне, ТЖ ұйымдарына нақты тапсырмалар берілгенін баса айтты. Бірақ атқарылған ауқымды шараларға қарамастан, тасқынның алдын алуға байланысты жайттар көңіл көншітерлік емес. Аталған мәселелер бойынша облыстық Төтенше жағдайлар комиссиясы төрағасының орынбасары, облыс әкімінің орынбасары С.Ыды­рысов баяндады.

С.Ыдырысовтың ай­туын­ша, күннің күрт жылуына бай­ланысты қоймадағы судың межесінен асып, былтырғы жылға қарағанда ені молайып кет­кен. Приозерск, Балқаш, Сәтбаев, Жезқазған, Саран, Шах­тинск, Қаражал қалаларында, Жаңаарқа, Ақтоғай және Ұлы­тау аудандарында қауіп жоқ. Дегенмен Бұқар жырау, Нұра, Шет, Қарқаралы, Абай аудан­да­рында және Қарағанды қаласында жағ­дай бірқалыпты емес.

Бүгінгі таңға дейін облы­сы­мызда 19 төтенше жағдай тір­келген. Оның екеуінде плотина жарылып, 1-інде жарылу қаупі бар екені анықталған. 14 жағдайда тұрғын үйлер су астында қалған. Төтенше жағдайлардың алдын алу және хабарлау үшін 1145 адам, 216 бірлік техника жұмылдырылған. Атқарылып жатқан шаралар туралы Нұра-Сарысу бассейн инспекциясының басшысы Бақытнасыр Данбаев, «Казводхоз» директоры Гурам Соболев, «ҚазАвтоЖол»-дың Қарағанды бойынша филиалының директоры Қанат Шаймин нұсқаулар алды. Сонымен қатар қала және аудан әкімдеріне де бірқатар тапсырмалар берілді. 

Отырыс соңында облыс әкімі жағ­дайды үнемі бақылауда ұстау қажет­тігіне тоқталды. «ТЖ-лар­дың алдын алу шаралары осымен аяқ­талды деп айту әлі ерте. Түрлі себептерге байланысты тасқынның қаупі болуы мүмкін екенін қаперде ұстауымыз керек», – деді аймақ басшысы

Көкпекті ауылында орын ал­ған төтенше жағдайдың сал­дарын жою жұмыстары жал­ғасуда. Таяуда 420 адам және 81 бірлік техника жұмылдырылды. 516 тонна қалдықтар шығарылып, 130 метр жол төсемесі қалпына келтірілді. Дамбаны бекіту бойынша жұмыстар жалғасуда. Байланыс және электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстары бойынша телефон байланысының 32 номері, әуе байланысы бойынша 1 мың метр, кө­шедегі 26 жарық бағаналары жаңар­тылып, қалпына келтірілді. 

Түрлі меншік ұйымдары мен жеке кәсіп­керлер, жалпы жұртшылық ауыл тұрғындарына киім-кешек, азық-түлік, шаруашылық тауар­лары түрінде қолдан келген көмектерін көрсетуде. Оларды қабылдап алу пункттері ашылды.

Елордасы Астана жұртшы­лы­ғынан 20 тонна гуманитарлық көмек керуені келіп жетті. Есте­ріңіз­ге сала кетейік, елордадан су тасқынынан зардап шеккен Қара­ғанды облысының Көкпек­ті ауылы тұрғындарына 10 мил­лион теңгеден астам қар­жы­­ның гуманитарлық жү­гі­ жөнелтілген еді.

Со­­­­­ны­­­мен қатар, зардап шеккен­дер­­г­е­­ көмек-қолдау көрсету мақса­тын­да­ жергілікті билік тарапынан арнайы есепшот ашылған болатын. 

Барлық жұмыстар Қарағанды об­лысы әкімінің жеке бақылауында.

Индира Байсалбекова

Серіктес жаңалықтары