«Қазсат-3» Байқоңырға жеткізілді

«Қазсат-3» Байқоңырға жеткізілді

«Қазсат-3» Байқоңырға  жеткізілді
ашық дереккөзі
227

«Академик М.Ф. Решетнёв атындағы «Ақпараттық спутник жүйелері» (АСЖ) ААҚ хабарламасы бойынша Байқоңырға «Қазсат-3»-пен бірге ресейлік «Луч-5В» ғарыштық аппараты да жеткізілген. Екі ғарыштық аппаратты да Решетнев атындағы АСЖ мамандары жасаған. «Жер серіктерін ғарыш айлағына жеткізу штаттық режимде өтті. Оларды тасымалдауға арнайы контейнер қолданылды, оның габариттері бір мезгілде орта кластағы екі ғарыштық аппаратты тасуға мүмкіндік береді. «АСЖ» компаниясының мамандары аппараттарды тасымалдау кезінде контейнер ішіндегі оңтайлы жағдайды қамтамасыз ете білді», – деп «Республикалық ғарыш байланысы орталығы» АҚ президенті Виктор Лефтер хабарлады.
Телекоммуникациялық «Қазсат-3» ғарыштық аппараты Қазақстан  мен шекаралас мемлекеттер аумағында байланыс, телехабар тарату және жоғары жылдамдықтағы Интернет қызметтерін ұсынуға арналған. Жер серігі «Республикалық ғарыш байланысы орталығы» АҚ-мен  келісім-шарт бойынша  әзірленген.  Оның белсенді өмір сүру кезеңі 15 жылды құрайды.
Академик М.Ф. Решетнёв атындағы «Ақпараттық спутник жүйелері» мамандары таяудағы уақытта ғарыштық аппараттарды алдағы қосарлана ұшыруға әзірлеуге кіріседі.  «Қазсат-3» және «Луч-5В» ғарыштық аппараттарын  2014 жылғы 28 сәуірде Байқоңыр ғарыш айлағының №81 алаңынан «Протон М» ғарыштық зымыран тасығышымен ұшыру жоспарланған.

Серіктес жаңалықтары