Қазақстанның солтүстігіне 300 мың қазақ көшірілмек

Қазақстанның солтүстігіне 300 мың қазақ көшірілмек

Қазақстанның солтүстігіне 300 мың қазақ көшірілмек
ашық дереккөзі
218

 

Қазақстан халқы бұл жаңалықтан бейхабар. Десе де
шығыс көршіміздің дереккөздеріне сенсек, қызмет көрсету саласы бойынша елімзге
200 мың адамның күші қажет екен. Жалға беретін жерлерді игеру үшін Қытайдың
шығыс, солтүстік-шығыс және Шыңжаң өлкелерінен ұлты қазақ бауырлар жалдамалы
жұмысқа келеді. Қазақ-Қытай бірлескен ауыл-шаруашылық жұмыстарының басты
мақсаты ретінде төмендегі бағыттар көрсетілген. Біріншіден, Қазақстан тарапы
Қытайды егістік жерді жалға алып пайдалану құқымен қамдайды. Екіншіден, Қазақстан
оңтүстік обылыстардағы артық еңбек күшін солтүстік үш обылысқа көшіреді.
Үшіншіден, Қытай солтүстік Шыңжаң-Алтай, Тарбағатай,  Іле аймағындағы ұлты
қазақ егінші-малшыларының артық еңбек күштерін Қытай тарапының еңбек күштері
ретінде Қазақстан еліне жібереді. Төртіншіден, Ауыл-шаруашылық бірлестігі
өндірген өнімдерін алдымен Қазақстан базарында, артылғанын Қытай нарығында
саудаға салады. Бесіншіден, Қытай техникамен, қаржымен қамдайды.

Жақында Ресейдің Украинаға жасаған озбырлығын
Қазақстанға қайталамасына кепіл жоқ. Сондықтан солтүстік облыстарда қазақ
ұлтының санын 60 пайыздан асыру – қауіпсіздік шарасы ретінде айтылып жүр. Осы тұрғыдан
алғанда Шыңжаң өлкесінен келетін жалдамалы жұмысшы қазақтардың болашақта елде
қалуы бізге тиімді сияқты.

bf7ab13b5cc8a12f8d3cfb1363d2efaf.png

Бір-екі жыл бұрын Қазақстанның шығысынан 2 миллион
гектар суармалы жерді Қытай үкіметі соя өсіру үшін жалға алмақ болды. Бірақ
кейін толығымен жүзеге асырылған жоқ. Ақпаратты бөлісуші сайттар негізгі
мақсатты да атап көрсеткен. Олар ауыл-шаруашылық өндірісін негіз етіп ішкі-және
сыртқы миграцияны жүйелеу, солтүстік үш обылыстағы қазақ ұлтының басқалармен
ара салмағын өзгерту, шекара қауіпсіздігін күшейту, мемлекеттің ұзақ мерзімді
стратегиялық қауіпсіздігін сақтау, еңбек күштерінің тепе-теңдік балансын сақтау
болып табылады.

Серіктес жаңалықтары