«Алаштың ардақтысы — Райымжан»
«Алаштың ардақтысы — Райымжан»
Райымжан Мәрсекұлы бүкіл саналы ғұмырын алаштың мұңын жоқтауға, қазақтың рухын көтеріп, беделін арттыруға арнап, туған жер тұтастығы мен ел бірлігін сақтауға өзіндік үлес қосқан адам.
Алаштың аса көрнекті қайраткері, заңгер ғалым қазақ халқының теңдігін, елінің егемендігін аңсаған Райымжан Мәрсекұлы Алаш партиясы мен Алашорда үкіметіне жан-тәнімен қызмет етті.
Кеш барысында тарих ғылымдарының кандидаты, профессор, М.Қозыбаев атындағы тарихи-зерттеулер орталығының директоры М.Қарпықов, Абай атындағы әмбебап кітапханасының сирек басылымдар қорының меңгерушісі Ж.Әділбекқызы Р.Мәрсекұлы тұлғасын жан-жақты таныстыратын баяндамалар оқыды.
Кештің құрметті қонақтары қатарында Алаш ардақтысының ұрпақтары Кәкімжан Хаженұлы, Сара Төлегенқызы да болып, өздерінің аталары туралы кеш ұйымдастырып отырған мұражай ұжымына алғыстарын білдірді.
Сонымен қатар кеште Ә.Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармонияның әншісі Г.Еруова, Абай атындағы драмалық театрдың артисі М.Сыдықов Абайдың әндерін шырқап, Р.Мәрсекұлының «Қазақ қайда бара жатыр?» атты мақаласынан үзінді оқыды.
Осы шараға қаламыздың зиялы қауым өкілдері, студенттер, тарихшы ғалымдар қатысты.