Қызылағаш кесапатына 4 жыл

Қызылағаш кесапатына 4 жыл

Қызылағаш кесапатына  4 жыл
ашық дереккөзі
296

 

Бастапқы мәлімдеменің шынайылығына сенбегендер де болды, ал кейбіреулер
бірден Қызылағашқа жол тартты. Алайда мал мен мүлік шығынын айтпағанда, адам
шығыны 20 емес еді, 45 бала мен ана,
қарттар мен ер азаматтар суға кетіп, саз балшыққа көміліп қалды. Бұл қанды
оқиға табиғат апаты десек те, бөлінген қаржыны бөлісіп, қалтаға басқан жемқорлардың
ісінің нәтижесі еді. Әйтпесе жасанды су
қоймасына жөндеу жүргізіп, жақсы күйде ұстаса – еріген қар да қойманы қозғалта
алмас еді.

Бөгет жарылардан үш күн бұрын ауылда жарық сөніп, телефон байланысы
үзілген. Жан-жақпен хабарласа алмай қалған қызылағаштықтар суқойманың жарыла
бастағанын тек бір-екі сағат бұрын ғана естіпті. Үрейленген тұрғындардың
бірқатары ауыл басшысына хабар берген. Бірақ «отыра беріңдер, ешқандай қауіп
жоқ» деген жауап алады. Ал күні кеше телеарналар осыдан төрт жыл бұрынғы
әкімшілік пен жергілікті Төтенше жағдайлар қызметінің телефон қоңырауларын
көрсетті. Ақпарат алмасу уақыты тоғанның тасуынан 6 сағат бұрын жазылған.
Ендеше 6 сағат ішінде ауылды толық эвокуациялауға болар еді. Бұл телефон
жазбаларының бірінше Облыстық ТЖ кезекші қызметкері Ерлан Қожахметов Қапалдың
қайда екенінен де хабары жоқ. Бұдан кейінгі қоңырау шалулардың бірінде Селден
қорғау мекемесінің бас инженері Ерғали Арғынбаев «Қызылағаш аулын су басып қалу
қаупі бар. Ауылды сыпырып әкетеді» деп анық айтады. Алайда бұл мәліметті
ешқайсысы да ескермеген. Тіпті ауыл тұрғындарын қауіпсіз алаңға шығарғанда,
қажетті көліктер мен автобустар дер кезінде және толық жеткізілмеген. Бұл бейберекетсіздік емей немене? Сонда басшылық
не үшін? Мұны қолдан жасалған апат демей
не дейміз?

Бүгінде
ауыл тұрғындары жаңадан салып берген үйлерде тұрады. Олардың баспанасы
қайтарылса да, мал-мүлкі мен етбауыр жақынын ешкім қайтарып бере алмайды. Биыл
осы қандысу тоғанды қайта жөндемекші. Былтыр Алматы облысының әкімі Аңсар
Мұсаханов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингіде “… Қызылағаш бөгетінің суармалы аумағы
1700 га алып жатыр. Бүгінгі таңда су қоймасына су тартылмаған, себебі біз
өтінімді құжаттармен бірге су шаруашылығы комитетіне тапсырдық. Қазір ол
республика балансында. Жол мен электр жүйесі тартылды. 2014 жылы Қызылағаш су
қоймасын толығымен қалпына келтіру жоспарланып отыр”, – деді.

Серіктес жаңалықтары