АРАНДАТУ МА, ТҰЗАҚ ПА?

АРАНДАТУ МА, ТҰЗАҚ ПА?

АРАНДАТУ МА, ТҰЗАҚ ПА?
ашық дереккөзі
236

Владимир Путин Қырым татарларының көсемі,
Мәжілістің экс-төрағасы, Украина Радасының депутаты Мұстафа Джемилевті Мәскеуге
кездесуге шақырды. Әлеуметтік желілерде осы туралы ақпарат таратқан журналист
Вахтанг Кипианидің пікірінше, бұл шақыру – татарлар көсеміне құрылған тұзақ.
Алайда «Өте күшті саяси қадам әрі құрылған тұзақ. Егер бармаса, татарларды
«Қырымда тұрақсыздық орнатуға тырысты» деп айыптайды. Барса, басқыншымен қол
алысып, келісімге келісумен және «бейресми түрде анаған келісіпті, мынаған
келісіпті» деген сыбыстар мен айыптаулардан өмір бойы құтыла алмайсың.
Айтпақшы, Украинаның қазіргі Радасы мен үкіметі Мәжіліс төрағасы мен Мұстафа
ағаны келіссөзге шақырыпты дегенді естімеппін», – деп жазған Кипиани Қырым
татарларының ешқандай келіссөзсіз-ақ Украина құрамында қалуға бейіл екенін,
Ресейге бағынуға қарсы әрі көмек сұрамағанын, керісінше, әлемдік қауымдастықтан
«Ресей басқыншыларын тоқтатыңыздар» деп өтінгенін ескермеген сияқты. Сырттан
көмек сұрағанда Мұстафа Джемилев Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан сияқты бауырлас
түркі халықтарының президенттерінен де көмек сұраған. Түркия сыртқы істер
министрі Ахмет Дауытоғлы осыдан екі аптадай уақыт бұрын Қырымдағы 300 мыңнан
астам татарға Түркияның көмек қолын созатынын, тіпті, Украинадан бөлініп шыққан
күннің өзінде автоматты түрде Түркия тарапынан қолдау табатынын мәлімдеген.
Кеше Мұстафа Джемилев Мәскеуге іссапармен кетті. Ол жақта Татарстанның бұрынғы
президенті, Татарстанның мемлекеттік кеңесшісі Минтемир Шаймиевпен кездесіп,
Қырым татарлары мен Еділ бойы және Орал маңы татарлары арасындағы қарым-қатынас,
серіктестік туралы мәселелерді талқыға салды. Ендігі кезек – Путинде.

Нәзия
Жоямергенқызы

Серіктес жаңалықтары