Жаңа министр келді
Жаңа министр келді
Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен Жеңіс Қасымбек Көлік және
коммуникация министрі қызметіне тағайындалды.
Ол бұған дейін Қазақстан
Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы қызметін
атқарған. Ал 2012 жылғы 20 қаңтардан бері ҚР Көлік және коммуникация
министрі болған Асқар Жұмағалиев басқа
қызметке ауыстырылды. Дәлірек айтқанда, ол жаңадан жасақталған Байланыс және
ақпарат агенттігінің жетекшілігіне тағайындалды.
Жаңа министрдің өмірбаяны мен еңбек тәжірибесіне тоқталсақ, ол 1975 жылы 7 мамырда Жамбыл облысы Шу қаласында
туған. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясының сәулеттік орта дизайны
факультетін (1997) мамандығы бойынша, Еуразия университетінің мемлокін тік және
муниципалдық басқару ісі факультетін (2001) номист мамандығы бойынша бітірген.
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін біледі. 1997 жылдан «ТемірБанк» ААҚ бас
банкирі. 1998 жылдан ҚР Табиғи
монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінде темір жол көлігі
және порттар бөлімінің бастығы. 1999 жылдың қарашасынан желтоқсанына дейін ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Үйлестіру
департаментінде көлік саясаты бөлімінің бастығы.
1999 жылдың желтоқсанынан
ҚР Көлік және
коммуникация министрлігінде Келіктегі тарифтік саясат басқармасының бастығы.
2000 жылдың сәуірінен мамырына дейін ҚР Көлік және
коммуникация министрлігінде Көліктегі тарифтік саясат департаменті директорының
орынбасары. 2005 жылдан ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі. 2009 жылдан
бері ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты
хатшысы болып қызмет атқарған.
Д.Дүрмән