Сіздер де елуге келдіңіздер...

Сіздер де елуге келдіңіздер...

Сіздер де елуге келдіңіздер...
ашық дереккөзі
238

Арман Сқабылұлы

ЕЛУ
ДЕГЕН…(екінші естелік)

Серіктiң (Абас-шахтың) телевизия саласындағы еңбектерін
тізіп жатпайын. Менсіз де ел біледі. Ел білмейтін екі ерлігі бар еді. Айтып көрейін.
Бәлкім, осы бір “қызықтау” адамның “қыңырлау” мінезінің қыр-сырын
ашуға септігі тиіп қалар…
…Екі мыңыншы жылдардың басы болу керек. Рахат Әлиевтiң
дүрілдеп тұрған кезі. Жанында жандайшап журналистері жетерлік еді.
“Караваны” мен “КТК”-сы
аздық еткендей, солар бір күндері “Хабарға” ауыз сала бастады. Бұйрық
солай болған болу керек, енді олар “Хабар” мен “Еларнаның”
ісіне араласпақ… “Ерке күйеудің” жағымпаздары “Хабардың”
көнекөздерін алдына салып айдағысы келгендері анық. Не дерсің, мұндайда! Жалаңаяқ
журналист түгілі, менменсіген талай арыстың өзі “ананың” аяғының
астында тапталып жатқан кез еді ғой…Сондай күндердің бірінде жаңағылардың
бірі Секеңді табанға салып алғысы келіп, қисынсыз бұйрық берген. Бұл әрине бас
тартады.

–  Отпен ойнап тұрсың
бала,-дейді жандайшап, –  Рахаңа айтсам
жер басып жүре алмай қаларсың!

– Рахатыңды
бір жеріңе тығып қой! Мен бәрібір сендерді “Хабарда” талтаңдатып жүргізбеймін!

…Бұл әңгіме
күйеу балаға қалай жетпеді? Жетсе Серік қалай аман қалды? Бұл-мен үшін жұмбақ. Әйтеуір
көп ұзамай көрші арнадан келген жандайшаптардың көзі құрыды.
…Екінші ерлік осыдан төрт -бес жыл бұрын болды.
Атырауға іссапарға кеткен тілшіміз Бергейге ренжіп қайтты. Әкім сұхбат беруден қашқан.
Онысы түсінікті де. Елбасына ашылды деп баяндаган жылыжайының орны ғана тұр.Жұмыс
істемейді. Салынған үйлері сапасыз. Халық ашынған. Обалы не керек тілшіміз
осының бәрін түсіріп келіпті. Рысқалиевтын ысқырығы жер жарып тұрған кез.
Астанадағы “көкесі” төбемізден қарап ол отыр. Серікке хабарластым.
Астанада еді.

–  Беріңдер, –  деді, –  өзім жауап беремін.

…Бергей
туралы сюжет өтісімен сол кездегі басшымыздың өзі телефон шалды.

–  Мені құрттыңдар, –  деді, –  Өздерің де құрисындар! Несін айтайын, екі күн бойы “таяқтан” көз
ашпадық. Тентіреп кетер ме едік…Серік бәрін өз мойнына алмаса! “Кетсем
мен кетейін! ” деді. Өкініштісі тілшіміз бәрібір жұмыстан кетті. Ал,
Бергей мен “көкесі” кеткен соң Серік оны бәрібір қайта жұмысқа алды.
Іздеп тауып…Сол-а-а-й!

Серіктес жаңалықтары