Оймақтай ой: Халықтық, қоғамдық Ассамблея құру керек

Оймақтай ой: Халықтық, қоғамдық Ассамблея құру керек

Оймақтай ой: Халықтық, қоғамдық Ассамблея құру керек
ашық дереккөзі
383

Даурен Куат

«Аса қымбатты» Ассамблеямыздың 19 жылдығына арналған жиын өтуде. Аты дардай: Қазақстан халқы ассамблеясы! Осы Ассамблеяның Ассамблея болғалы мемлекетті құрушы ұлт пен еліміздегі диаспоралар арасындағы шетін оқиғаның біріне араласып, басалқы сөз айтып, араағайындық жасағанын көрмеппін. Шындығында, ел ішінде елшілік қызмет атқарып, қазақ даласына бір кездері арып-ашып жетіп, адам қатарына қосылып, аман қалғандардың ұрпағына: «Шаңыраққа қарай жүріңдер, шырақтар», – деп отыратын осы ұйым емес пе? Жоқ, ассамблеяшыларымыздың аузынан ондай сөз шыға қоймайды. Есесіне қаратабан халыққа қиқымы да бұйырмайтын игіліктерді артығымен пайдаланып, тегін дәріс тыңдап Жалғызды жабыла мақтап, жамырай сөйлеп тарайды. Шамасы, бізге диаспораларды қазақ ұлтының айналасына ұйыстыратын шын мағынасындағы халықтық, қоғамдық Ассамблея құру керек шығар…

Серіктес жаңалықтары