Оймақтай ой: Бензин тағы қымбаттай ма екен?

Оймақтай ой: Бензин тағы қымбаттай ма екен?

Оймақтай ой: Бензин тағы қымбаттай ма екен?
ашық дереккөзі
381

Dina Tulekova

Бізде өзі қызық қой… Қазақстанның мұнай қоры – әлемдік бестікке кіреді. Елімізде жылына 80 миллион тонна мұнай өндіріледі. Бірақ біздегілер бензин бағасын жылына екі рет қымбаттатпаса, іштері ауырады. Сыртқы фактор – әлемде мұнай бағасы қымбаттады деген сылтаулары таусылмайды. Араб елдерінде бір бак майың бір-ақ доллар тұрады. Сосын, оларда сыртқы фактор ішкі нарыққа пәлендей зиянын тигізбейді, баға тұрақты. Биыл мұнай өңдейтін 3 зауыт модернизацияланып бітпек. Оның өзіне 3 млрд доллар бөлінді. 2014 жылы осы зауыттар модернизацияланып бітсе, жоғары октанды бензинді өзімізде өндіріп, ішкі сұранысты қамтамасыз етеміз, сыртқы тәуелділіктен арылып, өзіміз-ақ шекті баға саясатын жүргізетін едік деп еді баяғыда көкелеріміз… Сол уәделерін еске салатын кез келген сияқты… Мұнайымыз бола тұра, басқаның бензиніне тәуелдіміз, мыңғырған мал өсіруге қолайлы жеріміз бар, бірақ, етті сырттан тасимыз…. Қызық ә?

Серіктес жаңалықтары