Жамбылдың жаңа басылымы

Жамбылдың жаңа басылымы

Жамбылдың жаңа басылымы
ашық дереккөзі
344

Кеше Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогика университеті жанындағы Жамбылтану және халық ақындары ғылыми-зерттеу институты (директоры – филология ғылымдарының докторы, профессор Бекен Ибраимов) дайындап, баспадан жарық көрген бірнеше кітаптың тұсаукесері болып өтті.

Солардың бірі де бірегейі – ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың төрт томдық толық шығармалар жинағы. Бұл басылымның басты ерекшелігі – мұнда ақынның бұған дейін сан мәрте жарық көрген жинақтарына кірмеген біраз поэзиялық шығармаларымен қоса қарасөз үлгісінде жазылған бірнеше туындысы, музыкалық мұрасы, олардың нотасы, кейбір дастандарының қосалқы нұсқалары қатар жарияланған. Төрт томдық осы жинақтың құндылығы да, ерекшелігі де осында. Аталған институттың екінші аса бағалы еңбегі – атақты Әсет Найманбаевтың екі томдық шығармалары. Мұнда да әнші, композитор, ақынның бұрын-соңды оқырман қолына тұтастай жетпеген көптеген шығармасы өз елімізден, арысы Қытай жерінен тірнектеп жинаған туындылары топтасқан.
Сондай-ақ осы тұсаукесерде Түбек ақынның (Байқошқарұлы) жеке кітап болып шыққан шағын жинағы да көпшілікті елең еткізгені анық.
Тұсаукесерге қатысқан академик Серік Қирабай, жазушылар Ж.Шаштайұлы, Д.Әшімханұлы, тағы басқалар аталған басылымдарды дайындаған Институт жұмысына жоғары бағаларын берді.

Гүлжаз Айтақова

Серіктес жаңалықтары