ЕурАзЭҚ-мен келісімшарт жасаудың қажеті қанша?

ЕурАзЭҚ-мен келісімшарт жасаудың қажеті қанша?

ЕурАзЭҚ-мен келісімшарт жасаудың қажеті қанша?
ашық дереккөзі
227

 

Қазақстанға кенеше жабысып, абыройы
мен тәуелсіздігіне нұқсан келтіріп жүрген саясаткер және актерсымақ, жазушысымақ
та бар. Олар Қазақстан мен Украинаға шүйлігіп ап, «өз жерім, өз елім» деген жалған ұраннан танар
емес. Э.Лимонов пен В.Жириновскийдің Қазақстан территориясына қатысты айтқан
мәлімдемелеріне ҚР Сыртқы істер министрлігінің «түсініктеме берсін» деген ұстанымын
жеткіліксіз деп санаймын! В.Жириновскийдің мемлекеттік статусы мен еліміздің
тәуелсіздігіне нұқсан келтірген мәлімдемелеріне байланысты олардың бұл қылығын
Қауіпсіздік кеңесінде қарап, мына шараларды қолданса деймін… Жириновскийді
Ресейдің саяси қайраткерлігі құқынан айырсын немесе оның қазақ халқына деген
өшпенділігін Ресей федерациясы ресми түрде қолдап отыр деп түсінеміз. Ондай жағдайда,
яғни радикалды жазалау шаралары берілмесе, соңынан басқа ауыр жағдайларға душар
етеді. Мәселен мұндай төзуге болмайтын жағдайда еуразиялық экономикалық одақпен
келісімшарт жасаудың не қажеті бар!

“Орыс ойына келгенін істейді” деген сөз бар. Ондағысы орыстар өмірді сүйеді, жарқын көзбен қарайды деген мағынаны білдіреді деп түсінетінбіз. Алайда Лимонов, Жириновскийдің сөздерін бүкіл қазақ естіп отырып, іштен тынып, тыңдай бергеніміз – осы мақалдың дәлелі болмақ. Сондықтан ЕурАзЭҚ және Кедендік одақ сияқты пайдасы Ресейге басымдау одақтардан бас тартып, Түркия немесе оңтүстік, шығыстағы мемлекеттерге қол созғанымыз ақыл емес пе?!

Серіктес жаңалықтары