Денис ТЕНГЕ темір тұлпар сыйлады

Денис ТЕНГЕ темір тұлпар сыйлады

Денис ТЕНГЕ темір тұлпар сыйлады
ашық дереккөзі
150

Сочи олимпиадасы да мәреге жетті.
Жерлестеріміз Денис Теннің жалғыз қоласын қанағат тұтты. Мұз айдынында алмастай
жарқыраған конькийден мәнерлеп сырғанаушы  Денис Теннің қола жүлдесі қазақ үшін мерейлі жеңіс болды. Алтынға
бергісіз қола болды бұл жүлде.

Денистің қола жүлдесі жеңіл
келген жоқ. Әлемнің тоқсанға жуық елінен спортшыларының арасында оза
шауып, бәйге алу да оңай емес. Соған қарамастан, намысты қолдан бермеген жас
ұлан Сочи мұз айдынында қазақтың әуенін қалықтатып, ырғала биледі.  Тұран тобының орындауындағы домбыра мен
қобыздың үні Денисті жеңіс биігіне алып шықты. Денистің өзі де: «Әуенді өзім
таңдадым. Сол әуен арқылы Қазақстанды бүкіл әлемге танытқым келді», – дейді.

Сочиден таң ата оралған
Олимпиаданың қола жүлдегерін алматылық жанкүйерлер күтіп алды.  Күннің суықтығына да, ұшақтың кешіккеніне де
қараған жоқ жанкүйерлер. Өйткені, бұл қола мәнерлеп сырғанау спортының
тарихындағы алғашқы жүлде. Денис Теннің қоласы әлі-ақ алтынға айналары сөзсіз.
Ол үшін ең бастысы Денис Тен спорттағы шеберлігін ары қарай шыңдай түссе
болғаны.

Олимпиада жүлдегерін Алматы әкімі
Ахметжан Есімов қабылдады. Қабылдау салтанатында қала әкімі: «Біз саған шын
жүректен жанкүйер болдық. Олимпиадада жеңіс тұғырына алматылықтың шыққанына өте
қуаныштымыз. Егер Алматы 2022 жылғы қысқы Олимпиаданы өткізу құқығын жеңіп
алса, сенің Қазақстанды лайықты дәрежеде танытатыныңа сенімім мол», – деді.
 

Өз кезегінде жүлдегер де Алматыда өткізілер болса, оған өзінің достарының да қатысуға ынта білдіріп отырғанын
жеткізді. Кездесудің соңына қарай Алматы әкімі Олимпиададағы жеңісі үшін Денис
Тенге Chevrolet Cruze көлігінің кілтін табыстады.

1a43c210c4c79be3ba0bfa932657634f.jpg

3eea4d6b23ecab5bb48bb5d7efd9cffd.jpg

Гүлзина БЕКТАС

Серіктес жаңалықтары