ҚР СІМ: "В.Жириновский мәлімдемесіне орай Ресейге нота әзірледік"

ҚР СІМ: "В.Жириновский мәлімдемесіне орай Ресейге нота әзірледік"

ҚР СІМ: "В.Жириновский мәлімдемесіне орай Ресейге нота әзірледік"
ашық дереккөзі
188

Ақпанның 23-інде Ресейлік отан қорғаушылар күніне орай, Ресей халқын және әскерилерін құттықтаған Ресей Думасының депутаты В. Жириновский қазақ халқының намысын тағы таптады. Қазақтың мемлекеттігіне тағы да шүбә келтірген ол Орталық Азия мемлекеттерінің тіпті болмағандығын айтады. “Орталық Азияда ешқандай мемлекет жоқ. Ортазиялық федеральды округ – басты қаласы Верны. Бүгінде оның атауы бөтен Алмата – менің туған қалам. Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркімения, Қазақстан – бәрі ойдан шығарылған. Ортазиялық федеральды округ!” деп сандырақтаған болатын. Осыған орай, ақпанның 24-інде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі арнайы ақпарат таратқан екен. Төменде сол мәлімдемені назарларыңызға ұсынып отырмыз: 

“2014 жылғы 23 ақпан күні Мәскеуде Ресей Либерал-демократиялық партиясы
(РЛДП) фракциясының төрағасы, Ресей Федерациясы Мемлекеттік кеңесінің мүшесі
Владимир Жириновский митингте сөз сөйлей отырып, Орталық Азия мемлекеттерін,
соның ішінде Қазақстанды Ресей Федерациясының құрамына кіргізуге шақырды.

Жириновский мырза ресми тұлға, РФ Мемлекеттік Думасының депутаты, ірі саяси
партияның басшысы болып табылады. Біздің пікірімізше, осындай жоғары
мемлекеттік лауазымдарға ие адам өзінің көпшілік алдында жасайтын
мәлімдемелеріне үлкен жауапкершілікпен қарауы тиіс. Оның үстіне, бұл саясаткер
біздің елімізге қатысты мұндай жөнсіз мәлімдемелерін бірінші рет айтып
отырған жоқ.

Біз осыған дейін бірнеше рет мәлімдегендей, Қазақстанның егемендігі,
тәуелсіздігі мен территориялық тұтастығына қол сұғуға жол берілмейді және
мұндай әрекеттер Қазақстанның мемлекеттік органдары тарапынан шешімді түрде жауап
алатын болады.

Осыған орай, біз РФ Сыртқы істер министрлігі атына ресми нота әзірледік.
Онда біз ресейлік тарапты Қазақстан мен Ресей арасында қалыптасқан одақтастық
рух пен стратегиялық әріптестік қарым-қатынасына Жириновский мырзаның сөздері
қаншалықты сәйкес келетініне ресми баға беруін сұрадық. Қазіргі таңда ҚР Сыртқы
істер министрлігі Жириновский мырзаға қатысты дипломатиялық сипаттағы арнайы шараларды
қолдану мүмкіндігін қарастыруда” делінген онда.

Серіктес жаңалықтары