“Түрік түрік емес, нағыз түрік домбыра”
“Түрік түрік емес, нағыз түрік домбыра”
Түркияда сайлаулар әрқашан той-думан, өлең-ән жағдайында өтеді. Сол үшін сайлауға қатысатын
партиялар композиторларға тапсырыс беріп сайлауға арналған өлеңдер жаздырады. Бұл өлеңдер сайлау өткенше, көшелерде, жиналыстарда дауыс зорайтқыш аппараттардан
беріліп отырылады. Биыл 30 наурыз күні болатын жергілікті сайлауларда да әр
партия сайлау үшін өздерінің әндерін белгілеп сайлау науқандарын бастап кетті.
Түркияның билік басындағы Режеп Тайип Ердоған жетекшілігіндегі «Әділет және өрлеу»
партиясының белгілеген сайлау әні халықтың назарын қазақтың ұлттық аспабы домбыраға,
ал журналистердің назарын осы домбыраның иесі Түркия қазақтарына
аударды.
19 ақпан күні «Арена» стадионында «Әділет және өрлеу» партиясының
биылғы сайлауды
насихаттайтын әні жарияланды. Ол – ұлты ноғай, композитор Арсланбек Сұлтанбековтің «Домбыра» атты
әні.
Бұл ән Түркияда үш төрт жылдан
бері танымал болған еді. Осыдан кейін түркиялық БАҚ партияның осы әнді неге таңдап алғаны жөнінде қызу пікірталастарды өрбітіп әкетті. Өйткені «Әділет және өрлеу» партиясының сайлауда өзін насихаттау әні ретінде таңдаған «Домбыра» әніне мәтін жазған ақын Ұғұр Ышылақ, әннің авторы Сұлтанбековтің келісімін алмастан, өз сөзіне «Домбыра» әнінің әуенін таңдап алған. Міне осыған байланысты оппозициялық партиялар мен
ақпарат құралдары билік басындағы партияны сайлау әнін заңсыз пайдаланды деп сынға алды.
Сайлау әнінің авторы, ақын Ұғұр Ышылақ не үшін әнге
шығармашылық келісім алмағаны жөніндегі сауалдарға“Домбыра әнінің Сұлтанбековтің туындысы екенін білмегенін,
халық әні деп қолдана салғанын, егер Сұлтанбеков оның өз әні екенін дәлелдесе,
ақысын төлеп келісім алуға дайын екенін” айтқан.
Сұлтанбеков «Домбыра» әнін түркі дүниесінің ынтымақтастығы үшін
шығарғанын, сондықтан оныңқандай да бір партияның меншігіне айналуын қаламайтынын,
сондықтан өзінің
рұқсатынсыз әнін пайдаланған
ақын Ышылақты сотқа беретінін жеткізген.
Бұл мәселе тек композиторлар арасында емес, Түркияның
парламентінде, депутаттар арасында да дау тудырды. Түркі дүниесінің
ынтымақтастығын басты мақсат етіп келе жатқан оппозициядағы Ұлтшыл қозғалыс
партиясының депутаты Синан Оған билік партиясының домбыра әнін сайлау әні
ретінде таңдап алуының орынсыз және әділетсіз екенін айтып сынға алды.
Міне осы талас-тартыстар Түркияға бейтаныс
қазақтың ұлттық аспабы домбыраға қалың жұртшылықтың назарын еріксіз аударып
әкетті. “Домбыра деген не?
Оның қазақтар үшін қандай мәні бар? Оның түркі мәдениетіне
қанша қатысы бар? Оның тарихы қалай?” деген сауалдар түрік жұртшылығын мазалаған көрінеді.
Осы оқиғадан кейін екі күн өткен
соң, Ыстамбұлдағы
қазақтардың мәдени орталығы «Қазақ қорына» Түркияның ұлттық телеарналарынан домбыра аспабы жайлы сұхбат алуға ұсыныстар түсе бастады.
Қазақ қоры төрағасы Пазыл Топлы осы ұсыныстарға жауап беру мақсатында журналистерге “Домбыра” әнін орындап беру үшін түркиялық қазақ өнерпаздары Бешир Ахмет Көсе мен Талха
Гезерге, ал домбыра аспабы жайлы мәлімет беру үшін маған өтініш жасады. Сөйтіп таңғы сағат9-да
қорға жиналдық. Қорға алғаш келген«Хабартүрік» ұлттық арнасынандомбыра туралы тікелей эфирден 10 минуттық хабар таратса, оны көрген басқа бәсекелес
төрт ұлттық арна қазақтардан тағы да сұхбат жазып алды. Ал
кешкісін«Хабартүрік» атты ұлттық арнаның тікелей эфирден таратылатын «Теледидар газеті» атты
бағдарламасына қонақ болып домбыраны және Түркия қазақтарын жан жақты
таныстырдық.
Осы арналарға берген сұхбаттарымызда домбыра тарихының біздің заманымыздан бұрынғы сақ-ғұн дәуірлеріне дейін баратынына баса назар аудардық. 2008 жылы белгілі ғалым
Қаржаубай Сартқожаұлының археологиялық зерттеулері нәтижесінде 1500 жылдық
домбыраның Моңғолияда табылғанын да атап өттік. Сонымен қатар
домбыраның шығу төркіні туралы аңыздарды айттық. Қорқыт
ата аңыздарында жиі кездесетін «қобыздың» да негізінде домбыра болуының ықтимал екеніне
көрсеттік. Өйткені, Қорқыт ата өмір сүрген кезде оғыздардың, бүгінгі қырғыздар
“қомұз” дейтін сыяқты, домбыраға “қобыз” деуі әбден мүмкін.
Қорыта айтқанда, Түркиядағы билік
партиясының “домбыра” әнін сайлау үшін таңдап алуы кездейсоқ емес. Өйткені осы
әнді естіген түріктердің делебесінің қозатынын, қайта қайта тындағысы келетінін байқап жүрміз. Сондықтан бұл әннің
сайлаушыларға оңды әсер етері анық. Сондықтан оппозициялық партиялар бұл әннің
сайлауда қолданылуына қарсылық білдіруде.
Сонымен қатар біздің ойымызша, бүкіл түркілердің қанында домбыра әуеніне қалықтап ұюшылық бар. Өйткені бүкіл
түркі халықтарындағы саз аспаптарының түп төркіні осы домбыра. Мәселен бүгін
түріктердің “саз” немесе “бағлама” деп аталатын ұлттық аспабының да атасы
домбыра десек қателеспейміз. Бір кезде түріктердің Орталық Азиядан өздерімен
бірге ала шыққан домбыралары Анатолия жеріне келгеннен кейін Еуропалық
халықтардың музыка мәдениетімен араласып дамып, өзгеріп бүгінгі
формасын алған.
Түркияда биылғы сайлаулар ерекше жағдайда өтетін сияқты.
Сайлау науқандары басталмай жатып қазақтың домбырасы кеңінен талқыға түсті.
Қазір Түркияда бүкіл халық домбырамен етене жақын танысты. Сұлтанбековтің әні де бүкіл
халыққа ұнап отыр. Сондықтан “Қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра” деген
мәтелдің, Түркияның 2014 жылғы 30 наурызда өтетін сайлауларынан кейін жалпы
сипат алып бүкіл түркілерді қамтитын түрде “Түрік түрік емес, нағыз түрік
домбыраға” айналуы ғажап емес сыяқты.
Әбдіуақап
Қара
Мимар
Синан көркем өнер универсиетінің
профессор, тарих ғылымының докторы