"Жигулидің" күні туады

"Жигулидің" күні туады

"Жигулидің" күні туады
ашық дереккөзі
235

Арзан тауарға неге тыйым саламыз? Халыққа қолжетімді өнімді көбейтудің орнына көпшіліктің қолын қағып, нарықта бәсекеге төтеп бере алмаған, қолданысқа жарамсыз, қымбат өнімді тықпалау мүдделі топқа ғана тиімді. 

Мысалы, Өзбекстанда құрастырылатын Daewoo Nexia мен Daewoo Matiz маркалы
автокөліктерді Қазақстанда пайдалануға тыйым салынбақ, өйткені олар қауіпті-міс.
 Ыңғайлы, арзан және жанармайды аз жұмсап,
жұртшылықтың қаржысын үнемдейтін көліктер кімнің тақиясына тар келді?

Жалпы, кейбір
жүргізушілер Кедендік одаққа кірсек, тек қана ресейлік көліктерді жүргізетін
шығармыз деген ой болғанын жасырмайды. Осы мәселенің анық-қанығын Ұлттық
Кәсіпкерлер палатасынан сұрап білген едік. ҰКП Техникалық реттеу
департаментінің сарапшысы Александр Киселев ушыққан ештеңе жоқ екенін айтып,
аталмыш заң нормасының 2015 жылы ғана енгізілетінін айтты. «Бұл ақпарат нақты
емес. Еуразиялық Экономикалық комиссия Кеңесінің шешімі бойынша Кедендік
одақтың «Көлік құралдарының қауіпсіздігі» бойынша техникалық регламент 2015
жылдың 1 қаңтарында күшіне енеді. Қазір бұл бастама жүзеге асырылып жатқан жоқ»,
– деді Киселев.

  Сарапшының сөзіне сенсек, бұл
мәселе М1 категориялы механикалық көліктерге қатысты. Оларға елімізге жақсы
танымал –  Daewoo Nexia и Daewoo Matiz көліктері жатады. Жаңа заң
нормасына сәйкес, көлік Кедендік одақ аясында құрастырылуы тиіс, сондай-ақ тежегіштің
антиблок қоятын жүйесі, алдыңғы орындықтағы қауіпсіздік жастығы, ISOFIX бекіту
жүйесі, күндізгі жүру жарығы мен иммобилайзер болуы керек екен. Киселев мырзаның
айтуынша, Өзбекстанда құрастырылатын арзан көлікті елімізге кіргізбеудің басты
себебі – адамның денсаулығы мен өміріне төнген қауіптің алдын алу екен. Мұндай
сылтауға кім сенеді?

Елімізде былтыр 10
мың дана Nexia, 13 мың дана Matiz көлігі сатылған. Тура осы бағаға отандық
құрастырушылар мен Ресей құрастырушылары LADA мен  Chance жеңіл көліктерін ұсынып отыр. Расында,
нарықта көшке ілесе алмаған өнімді елімізге тықпалау ғана.

Ал қазір қолданылып
жүрген автокөліктер қолданыста қала береді. Оған жаңа заңнаманың қатысы жоқ.

Халыққа пайдалы, халыққа тиімді және қолжетімді
тауардың көзі жойылуда. Таяуда ғана теңге девальвациясы қоғамды дүр сілкіндірді.
Сонда наразылығын білдірген халық алаңға ішкиімін ұстап шыққан еді. Ендігі ереуілге
не ұстап шығу керек?

Серіктес жаңалықтары