Сенатор С. Жалмағамбетова Қ. Келімбетовті жерден ап, жерге салды

Сенатор С. Жалмағамбетова Қ. Келімбетовті жерден ап, жерге салды

Сенатор С. Жалмағамбетова Қ. Келімбетовті жерден ап, жерге салды
ашық дереккөзі
329

Парламенттегі Үкімет сағатында бас банкир Қайрат Келімбетовтің кәсібилігі мен этикасын күмән келтірген сенатор Жалмағамбетова оған не үшін шүйлікті?

Теңге девальвациясынан кейін Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетовтің  ел алдындағы репутациясына Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетовтің  ел алдындағы репутациясына нұқсан келгені айқын. Ол әуелі қарапайым халықты “теңге құлдырамайды” деп сендірсе, екіншіден, “теңгенің құлдырағаны ол үшін де тосын сый болғанын” айтып айды аспанға бір-ақ шығарған, үшіншіден, “девальвацияға алты ай бойы дайындалғандықтарын айтып” тағы екі сөйлесе, үшіншіден, осы оқиғадан кейін танымалдығы артып, елдегі ең атақты адамға айналғанын жеткізген. Сенатор Светлана Жалмағамбетова халықтың осы ашу ызасын бірден шығарып, Келімбетовтің жүзін айдай қылды. 

“Сіздің кәсібилігіңізде, не этикаңызда проблема бар. Сіз Қазақстан халқын ғана емес, биліктің ресми органы – ҚР Парламент Сенатының депутаттарын да “адастырдыңыз”. Сізге сенген депутаттар тағайындауға да келісім берген болатын. Енді бұдан кейін өзіңіз алдап қана қоймай, бұған қатысты еткен Парламентке қай бетіңізбен келесіз, депутаттармен қалай сөйлесесіз? Бұдан кейін Сіздің сөзіңізде қандай құн қалды?”, – деген ол Келімбетовтің кезінде депутаттарға берген жауабын сөзбе-сөз қайталауға мәжбүр болған: 

“Кәсібилікке салып жауап берсеңіз де болатын еді, алайда Сіз сөзбе сөз мәлімдедіңіз. Теңгенің құлдырауына қатысты қобалжудың негізі жоқ екенін айттыңыз, айырбас бағамына әсер ететін іргелі факторлардың – мұнай бағасы мен ресей рублі бағамының өзгермегенін ескерттіңіз. Бұны 21 қаңтардағы брифингте тағы қуаттадыңыз. Расында да, мұнай бағасы өзгерген жоқ, ресей рублі былтырғы жыл бойына 7,1 пайызға ғана құлдырады. Алайда, 11 ақпанда аяқ астынан теңгенің айырбас бағамы 20 пайыздық девальвацияға ұшырады.

Ал журналистер алдында Сіз біресе бұны сол күні таңертең білгеніңізді, біресе бұл шешім жарты жыл бойы дайындалғанын айттыңыз. Сонда бұдан қандай қорытынды шығаруға болады.

Енді бұдан кейін өзіңіз алдап қана қоймай, бұған қатысты еткен Парламкентке қай бетіңізбен келесіз, депутаттармен қалай сөйлесесіз? Бұдан кейін Сіздің сөзіңізде қандай құн қалды?”, – деді сенатор С. Жалмағамбетова.

Сонымен қатар, сенатор теңге девальвациясының әлеуметтік салдарына тоқталды. 

“Девальвацияның нәтижесінде теңгемен жинақ салған қазақстандық салымшылардың қоры 20 пайызға құнсызданды. Бұл бүгінгі күні теңгелік депозиттердің жаппай кетуіне, банктердегі жағдайдың нашарлауына соқтығып жатыр. Қандай да бір банктердің жабылатындығы туралы қауесеттер де салымшылардың осыған қатысты жасаған “ишараты”. Ал сіздің “арандатушыларға” қарата айтқан айбатыңыз, телеэкраннан жасаған мәлімдемеңіз ешкімді де сендіре алмайды. Нақты әрекет керек”, – деген Светлана Жалмағамбетова жеке тұлғалы салымшыларды барынша қолдау қажеттігін ескертті.

Сенатор 11 ақпанда теңгенің құнсыздануына байланысты Қазақстан ұлттық банкінің басшысына Қазақстанда депозиттер бойынша сыйақыны ұлттық валютада 13-14% дейін ұлғайтуды ұсынады, – деп хабарлады “Қазақстан жаңалықтары”.

“Сіздердің деректеріңіз бойынша банктерде жеке тұлғалардың ұлттық валютада 2,2 триллион депозиттері бар, ҚР банктерінде теңгелік салымдарының бесінші бөлігін жоғалтқан осы жеке тұлғаларды ұлттық валютада депозиттер бойынша сыйақыны 13-14% дейін ұлғайтумен қолдаған дұрыс болар еді. Қолданыстағы пайыздарды инфляция “жеп қояды”, – деді Жалмағамбетова.

Серіктес жаңалықтары