ҚЫЛМЫСКЕРЛЕР ҚАШЫП ҚҰТЫЛУҒА ТЫРЫСТЫ

ҚЫЛМЫСКЕРЛЕР ҚАШЫП ҚҰТЫЛУҒА ТЫРЫСТЫ

ҚЫЛМЫСКЕРЛЕР ҚАШЫП ҚҰТЫЛУҒА ТЫРЫСТЫ
ашық дереккөзі
223

Осы жылдың 17-інен 18-інші ақпанына қараған түні Тараз шекара отрядына қарасты «Сыпатай батыр» заставасының шекарашылары елімізден қырғыз жеріне халық тұтынатын тауарларды артып жатқан бір топ адамды ұстады. Олар шекарашылардың заңды талаптарына құлақ аспай қарсылық көрсетті. 

Нақтырақ айтқанда, алты адамнан тұратын аталған топ «Фольксваген пассат» автокөлігіне 1,5 центнер жүкті тиеп, олардың жолын бөгемек болған шекарашыларға қарсы тас лақтырады. Шекарашылар амалсыздан қару қолданып, аспанға қарата оқ атып, ескерту жасайды. Заң бұзушы қазақстандық екі азамат оқиға орнында ұсталды. Ал топтың қалған мүшелері көршілес елдің аумағына қарай қашып, бой тасалады. 

Жүк тиелген көлік шекара заставасына жеткізілді, алдын ала ҚР Әкімшілік-құқықтық кодексінің 391-1 бабы бойынша іс қозғалды.

Осы күні Орал шекара отрядына қарасты «Шаған авто» өткізу бекетінің шекарашылары 20 килограмм бекіре тұқымдас балықты жасырын өткізуге тырысқан 65 жастағы отандасымызды ұстады. 

Ұсталған азамат ГАЗ-33021 автокөлігімен елімізден Ресей жеріне қарай өтіп кетуге тырысты. 

Аталған деректер бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. 

Индира Байсалбекова 

Серіктес жаңалықтары