Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ

Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ

Қазақстан жолы – 2050:  Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ
ашық дереккөзі
295

Ал білімді жас – ел ертеңі. Жастарымыз білім-ғылымға талапты болса, мемлекетіміз қуатты болмақ. Біздің, яғни Жас Депутаттар Ассоциациясының ойынша, қуатты деген ұғым күшпен емес, ең алдымен біліммен өлшенетін секілді. Қазақ халқы: «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» – деп бекер айтпаса керек. Экономикасы асқақтаған, халқы азат, елі егемен, жастары тәрбие мен білімді қос қанатым деп білген ел барлық қиындықтарды жеңеді. Білімді жастарды тәрбиелеу кез келген елдің алға қойған мақсаты. Осы тұрғыда Елбасымыз ең алдымен жастарға, әсіресе оңы мен солын тани қоймаған мектеп оқушыларына адамгершілік білімін, тәрбие беруді баса айтты. Бүгінгі біздің қоғам үшін көкейкесті мәселе – бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастыру.
Елімізде жастардың ізденгіш, арманшыл болмысын өмір шындығымен ұштастыру және әлеуметтік мәселелерін шешу үшін барлық жағдайлар жасалуда десек болады.
Қазірде жастар барлық заманауи технологиялық құралдарды меңгеруде кез келген басқа елдің жастарымен зияткерлік деңгейі жағынан терезелері тең.Тіпті, халықаралық ареналарда өздерінің біліктілігімен елді сүйсіндіріп, білімдерімен әлемді аузына қаратып жүрген өрендеріміз де баршылық. «Ұлы адамдар туа біткен жоқ, олар бұл дәрежеге өздерін өздері жет­­кізді, өмір бойы алға ұмтылумен өтті», – деп Гегель айтқандай келешегіміз ке­мелді болу үшін білімімізбен, ақыл-пара­са­тымызбен, жасампаз еңбегімізбен ел дамуына үлесімізді қосуымыз керек!
Егемен еліміздің жеткен жетістіктері мен мемлекетіміздің көркеюі – бүгінгі аға буынның, орта буынның еңбегі болса, 2050 жылға дейінгі стратегияны орындауды Елбасы бүгінгі жастарға жүктеп отыр, себебі 2050-дің негізін қалайтындар жас­тар болмақ. Бұл біз үшін маңызды. Жолдауда қойылған талаптарды жүзеге асыруға бар жағдай жасалған. Тек алғырлықпен, бар ынта-жігерімізді салсақ, “Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады” деп халық даналығында айтылғандай, ын­ты­мақтастығымыздың арқасында Елбасы ал­дымызға қойған басты мақсаттардың бірі – жоғары бәсекелі 30 елдің қатарынан көрінуімізге еш кедергі жоқ.
2050 жылға бет алған сәтте халық болып Үкіметке қолдау көрсете отырып, әрқайсымыз үлес қосуымыз керек. М.Мақатаевша айтар болсақ:
Жол ұзақ, биік асу, сапар алыс,
Жаз өтер, күз де кетер, тақалар қыс.
Қамданыңдар. Болашақ деген елге
Қандай біз сый-сияпат апарамыз?!.

Әнуар Тасымов, 

Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты, «Қазақстан жас депутаттар ассоциациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облысы бойынша филиалының төрағасы

Серіктес жаңалықтары