Тәжин – Ресейдегі елші

Тәжин – Ресейдегі елші

Тәжин – Ресейдегі елші
ашық дереккөзі
180

Марат
Тәжин Ресейге елші болып тағайындалды. Шенеунік Мемлекеттік хатшы қызметінен өткен айда ғана босатылған-ды.

Бұл
туралы кеше Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді. “Мемлекет Басшысының Жарлығымен Марат
Мұханбетқазыұлы Тәжин Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше
және Өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды”,–делінген хабарламада.

Марат
Тәжин бұған дейін ішкі
идеология мен ұлттық қауіпсіздік мәселелерімен ұзақ жылдар бойы айналысты. Тәжин
әр жылдары Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Сыртқы істер министрі
секілді бірқатар жоғары лауазымды қызметтерде болды. Ал Марат Тәжиннің орнын кім басатыны әлі белгісіз?! Мемлекеттік
хатшы міндетін 20 күннен бері Президент әкімшілігінің жетекшісі Кәрім Мәсімов
уақытша атқарып жүр.

Естеріңізде болса, бұның алдында Қазақстанның Ресейдегі  елшісі қызметін Ғалым Оразбақов атқарған еді.
Қазір Оразбақов ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы болып
тағайындалды.

Гүлзина БЕКТАС

 

Серіктес жаңалықтары