www.akorda.kzсайтының хабарлауынша Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Атыраудағы Назарбаев
интеллектуальды мектебіне бас сұғып, облыстағы қоғамдық ұйым өкілдерімен
кездесу өткізген. Осы кездесуде Президент мемлекетіміздің ресми атауына орай өз
ойымен бөліскен:
– Орталық Азияның өзге мемлекеттері секілді біздің
еліміздің атауында «стан» қосымшасы бар. Шетелдіктер қазіргі таңда екі
миллионнан азғана асатын халқы бар, Моңғолияға көбірек назар аударуда. Өйткені,
оның атауында «стан» қосымшасы жоқ. Бәлкім, болашақта еліміздің атауын «Қазақ
елі» деп өзгерту мәселесін қарастыру керек шығар. Алайда бұл мәселені әуелі ел
болып, халық болып ақылдасып алғанымыз жөн, – деген ол.
Елбасының дәл осы пікірі әлеуметтік желілерде аса көп талқыланған
тақырыптардың біріне айналды. Егер халық талқысына салса, осы пікірдің бір
ауыздан қолдау табатынына сеніміміз кәміл. Төменде осы пікірлердің бір парасын
ғана ұсынуды жөн көріп отырмыз:
Негізінде “Қазақия” дегенді қолдаушы едім, тіпті өз
мақалаларымда да солай жазатынмын. Саясаттанушы Сәкен Дарженов кітабын оқып
“Елім менің Қазақия” деп бірінші курста мақала жазғанымда есімде.
Бүгінгі Елбасының “Қазақ елі” дегеніне де шүкір дедім. Әйтеуір
сәбидің талпынысындай тынымсыздықтың тіні біліндіғой.
Samat Nurtaza:
” Жалпы
халыкаралык аренада да мемлекеттін атауы “Kazakhstan” емес,
“Republic of Qazaq” деп жазылу керек. Себебі казактын
“Қ” әрпі ағылшыншаға аударылғанда
“Q” әрпімен жазылады. Мысалы “Quran”, “Qatar” …”
Біз қолдаймыз!
Нұрсұлтан Назарбаев республикамыздың ресми атауы Қазақ елі болып өзгеруі мүмкін
екенін айтты!
Қазақстанның атын өзгертуге қатысты.
Бүгін Назарбаев Қазақстанның атын Қазақ елі деп атауды ұсынды. Бұл өте дұрыс
бастама.
Осыдан 3-4 жыл бұрын билік “қазақстандық ұлт” туралы доктринаны
ұсынған тұста қазақ ұлтшылдары бұған өре түрегеліп, қарсы болған еді. Сол
талаптардың ішінде «Қазақстанды» «Қазақ елі» деп атау туралы ұсыныс болды. Демек,
Ақорда бұл ұсынысты қабылдап, ұлт жанашырларының, яғни сіз бен біздің талапты
орындағалы отыр деген сөз! Сөзіміз, пікіріміз жоғарыға жетті деген сөз! Бұл, ең бірінші кезекте, ұлттық мәселенің
трендке, авангардқа шыққанын көрсетеді. Осыдан соң қазіргі ұлтжандылардың айтып
жүрген пікірлері “бос сөз” деп айтып көріңіз!
Шындығына келсек, мәселе тек атауда ғана емес.
Назарбаевтың аузынан мұндай сөздің шығуы биліктің де ұлттық сананың өсіп келе
жатқанын, ұлтшылдардың позициясы күшейгенін айқын көрсетеді. Екінші жағынан,
республика атауы «Қазақ елі» деп өзгерсе, бұл Кремльге де қыр көрсету,
тәуелсіздікті бермейтіндігімізді таныту болатыны айқын.
Ең бастысы, Павлодар мен Петропавл атауларын
өзгерту керек деп айтып қойып, кейін бұл сөзді ұмытып кетпейтіндей, барлығымыз «Қазақ
елі» аталу үшін күресуіміз тиіс!
Қазақ Елі – құптаймын!
Ағылшынша – «Qazaq» болуы керек деп санаймын, «Kazakh»
емес.
Қазақ Елі азаматтарының барлығы – қазақтар,
қазақстандықтар емес.