297
«Айнабұлақта» ашылған балабақша
«Айнабұлақта» ашылған балабақша
Қала басшысы жас алматылық бүлдіршіндерді және ата-аналарды жаңа балабақшаның ашылуымен құттықтады және мектепке дейінгі дайындық мекемелерінің маңыздылығын атап өтті.
«Ең басты мақсатымыз – келешек ұрпақтың тәрбиесі болып табылады. Бұл үшін Алматыда барлық жағдай жасалған – балабақшалар, жаңа мектептер ашылуда. Біз балаларымыздың тәрбиесі тап балабақшадан басталатынын ұмытпауымыз керек», – деді қала әкімі.
Әкімнің айтуынша, Алматыда 424 бала бақша бар. Оларда 51 500 бала тәрбиеленеді. Атап өтерлігі, соңғы бес жылда мегаполисте 4090 орындық 25 жаңа балабақша ашылған. Осы жылдар ішінде қаланың меншігіне 1740 орынды 7 балабақша ғимараты қайтарылды. Алматы бала-бақшаларында орындар саны 8,1 пайызға өсіп, 5830 орынға көбейді.
№179 балабақшаны алсақ, жаңа ғимарат 120 орынға арналған. Ол мектепке дейінгі балалардың тәлім-тәрбиесі үшін толықтай жаңа жабдықпен, жұмсақ жиһазбен, ыдыстар және ойыншықтармен, балалардың жас ерекшеліктеріне қарай ыңғайлап жабдықталған. Оқыту-тәрбиелеу үдерісі мемлекеттік тілде жүзеге асады.
Индира Байсалбекова