ЕСКЕЛДІДЕГІ ЕСТЕ ҚАЛАР МӘУЛІТ
ЕСКЕЛДІДЕГІ ЕСТЕ ҚАЛАР МӘУЛІТ
Аудандық мәдениет үйінде өткен мәуліт мерекесіне халық көп жиналды. Оған ҚМДБ-ның Алматы облысы бойынша өкіл имамы Серікқан Ахмадиев, Ескелді аудандық маслихат хатшысы Қалабек Тастанбекұлы, ауылдық имамдар, т.б. құрметті қонақтар қатысты.
Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с.) өшпес өнегесін, қалдырған ілімін насихаттауға арналған бұл кеште Алла елшісінің (с.а.с.) мүбәрак өмірінен сыр шерткен уағыз айтылып, діни әндер орындалды, жалынды жырлар оқылды. Жасөспірімдер арасында қасиетті Құранды жатқа оқудың жарысы өткізілді. Ерекше айтыс өтті. Ақындар Пайғамбарымызға (с.а.с.) мадақ жырларын арнады.
Мәуліттің қорытынды сөзін осы мәулітті ұйымдастырған Ескелді аудандық мешітінің бас имамы Болат Жұмағалиев сөйледі.
Бас имам Болат Сағынғалиұлы мәуліттің ойдағыдай өтуіне атсалысқан аудан әкімі – Нұрлан Қылышбаевқа, кәсіпкер Жанат Сарғалдақовқа Алғысхат табыстады. Құранды жатқа оқыған жасөспірімдерге бағалы сыйлық пен мақтау қағаздарын берді. Айтыскер ақындарды қомақты ақшалай сыйлықпен марапаттады.
«Жақсылықта жарысыңдар» демекші, бас имам Болат Жұмағалиев бастаған азаматтар аудан әкімі Нұрлан Қылышбаев арнайы сыйға тартқан төрт түліктің төресі жылқыны сойып, халықты ақ дастарханға шақырып, мәре-сәре болды.
Динара Мыңжасарқызы