ҮЗДІК СПОРТШЫЛАР МЕН ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

ҮЗДІК СПОРТШЫЛАР МЕН ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

ҮЗДІК СПОРТШЫЛАР МЕН ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ
ашық дереккөзі
342

   Еліміз егемендігін алғаннан
кейінгі жылдары көптеген әлемдік немесе халықаралық жарыстарда спортшыларымыз
биік тұғырға көтерілді.
Әлемдік спорт сайыстарында намысты қолдан
бермей, көк байрағымызды жеңіс тұғырынан түсірмей жүрген спортшыларымыз түрлі марапатқа
ие болды. Үздік спортшылар мен жаттықтырушыларды марапаттау дәстүрін жыл сайын Спорт
және дене шынықтыру істері агенттігі  ұйымдастырады.

  Ұйымдастырушылардың шешімі бойынша биыл
еліміздің ең үздік спортшылары деген атаққа алты адам ие болды. Өткен
 жыл Қазақстан спортшылары үшін табысты
жыл болғаны белгілі.  Сондықтан мамандар
жеңімпаздар мен жүлдегерлердің бәріне бірдей құрмет көрсетті. Спорт және дене
шынықтыру істері агенттігінің шешімі бойынша жылдың үздік спортшысы атағы әлем
чемпионатында топ жарған боксшылар Біржан Жақыпов, Мерей Ақшалов, Данияр
Елеусінов және Жәнібек Әлімханұлы мен «Қазақстан барысы» атанған Айбек
Нұғымаровқа бұйырды. Сонымен қатар, спортшылардың жаттықтырушыларына да арнайы
сый табыс етілді. Аталған спортшыларды баптап, биік  тұғырға көтерген Мырзағали Айтжанов, Жанат
Манашев, Марат Елеусінов, Мұрат Сиқымбаев, Серік Қоржыкенов және Петр Пастушенколар үздік
бапкер атағына ие болды. «Үздік команда» номинациясын «Шахтер» футбол
клубы мен «Астана арландары» иеленді. «Кәсіби
шебер»
 атағы өткен жыл бойы еліміздің спорт жанкүйерлерін  мықты
соққыларымен, айқын жеңісімен қуантқан Геннадий Головкинге бұйырса,
«Жеңіске деген жігері үшін»  сыйлығымен Алмас Өтешов, Әділбек
Ниязымбетов, Иван Дычко, Денис Тен, Зүлфия Ғабидулина, Азамат Мұқановтар
марапатталды. Жыл қорытындысы бойынша қазақ күресі, шаңғы спорты,
сондай-ақ, Қазақстан бокс федерациялары жылдың үздіктері қатарына
енді.

Әсел ӘНУАРБЕК

Серіктес жаңалықтары