Дұрыс тамақтану мектебі

Дұрыс тамақтану мектебі

Дұрыс тамақтану мектебі
ашық дереккөзі
1121
Дұрыс тамақтану мектебіАдам ауруының 40 пайызы тамақтан. Сондықтан дұрыс тамақтану, режим қалыптастыруды балалар  жадына сіңіру керек. Осы мақсатпен «Дұрыс тамақтану мектебі» атты арнайы білім беру бағдарламасы бастауыш сыныптардың оқушыларына ұсынылып отыр. Суретпен безендірілген жұмыс журналының оқушыларды қызықтыратыны сөзсіз. Себебі бұл дәріс сабақтан тыс, қосымша сабақтар мен салауатты өмір салтын жүргізу дәрістеріне қосылуы мүмкін. Десе де бұл оқу құралы қала мектептеріне тегін таратылған, бүгінде 4 мың қатысушы дұрыс тамақтануды қолға алған. Сауалнама нәтижесіне сүйенсек, бастауыш сынып оқушыларының көпшілігі ірімшік, сүт, дәнді дақыл өнімдерінің пайдасын білмейтін болып шыққан. Ал Қазақ тағамтану академиясының мәліметінше, елімізде 21,7 пайыз артық салмағы бар, әрбір екінші адам асқазан немесе зат алмасу жұмысының ауытқуларына шалдыққан. «Дұрыс тамақтану – физикалық және психикалық денсаулықты сақтаудың басты шарттарының бірі. Міне, сондықтан ерте жастан бастап-ақ, балаға дені сау және табысты болып өсуіне көмектесетін пайдалы әдеттерді және дағдыларды қалыптастыру маңызды», – деді Қазақ тағамтану академиясының вице-президенті Юрий Синявский. «Дұрыс тамақтану мектебі» елімізде балалар тағамын өндіретін «Нестле» компаниясының қолдауымен жарық көрген. Компанияның Еуразия және Кавказ аймағы бойынша бас менеджері Марк Потасттың айтуынша, «Дені сау балалар» атты ауқымды жобаны әлемнің 71 мемлекеті жүргізіп отыр. Бұл бағдарлама дені сау ұрпақ тәрбиелеу мәселесін шешуге өз үлесін қоспақ.

Серіктес жаңалықтары