ЕЛБАСЫНЫҢ ҚҰДАСЫ ҚАЙДА КЕТТІ?

ЕЛБАСЫНЫҢ ҚҰДАСЫ ҚАЙДА КЕТТІ?

ЕЛБАСЫНЫҢ ҚҰДАСЫ ҚАЙДА КЕТТІ?
ашық дереккөзі
191

         

Өз еркімен қызметінен кеткен
Президенттің құдасы басқа жұмысқа ауысады-мыс. Қайда екені әзір белгісіз.

«ҚазРосГаз» ЖШС басқармасының төрағасы Қайрат Боранбаев қызметінен
кетті. «Ұзынқұлаққа» сүйенсек, Қайрат Боранбаев басқа қызметке ауысына
байланысты орнын босатқан. Бірақ оның қайда баратыны әзір белгісіз. 2000-2002
жылдар аралығында «ҚазТрансГаз» ЖАҚ атқарушы директорлығы мен «Интергаз Орталық
Азия» ЖАҚ-тың коммерциялық директорлығы міндетін атқарған, кейін 2006 жылдан
бастап «ҚазРосГаз» ЖАҚ басқарма төрағасы болған Қ.Боранбаев ҚР Президентінің қызы
Дариға Назарбаеваның құдасы. Яғни, ҚР Мәжіліс депутаты Д.Назарбаева мен бүгінде
«іздеуде» жүрген Р.Әлиевтің екінші ұлы Айсұлтан Назарбаевтың қайынатасы. Оның қызы
Әлима бүгінде күйеуінің тегін алған. Лондондағы Артолд университетінің
студенті. Тойлары былтыр тамыз айында өткені белгілі. Дәл сол күні
Алматыдағы «Прайм Плаза» сауда орталығының алдына халықтың сүйікті әншісі Қайрат
Нұртас ән айтуға келеді деген хабар жетісімен, жұрт көп жиналып, соңы төбелеске,
бұзақылыққа ұласқанын көп ел ұмыта қоймаған болуы керек. Бірнеше жас пен кәріні (жалпы саны 165 адам) темір торға тоғытқан
тәртіп сақшылары кейін олардың көбін бостандыққа шығарғанмен, жуырда «бұзақылық»
пен «тонау» бойынша айып тағылған 3 жігіт 6 жылға бас бостандығынан айрылды.

Тойға қатысқандардың айтуынша, салтанатты кешті Елбасы
екі жасқа бата беріп ашса, асабалық қызметті бастапқыда Дариға Назарбаеваның өзі
атқарыпты. Кейін кеш тізгіні Мәскеуден арнайы шақырылған Максим Галкинге өткен.
Сондай-ақ, арнайы қонақтар тізімінде Вахтанг Кикабидзе, Геннадий Хазанов, Лев
Лещенко, Ёлка, Лолита Милявская, Нонна Гришаева, Мұстафа Сандал, америкалық әншілер
Бейонсе пен Кени Уест сынды әртістер болған. 

Серіктес жаңалықтары