Елбасы Жолдауы тікелей эфирден берілмейді

Елбасы Жолдауы тікелей эфирден берілмейді

Елбасы Жолдауы тікелей эфирден берілмейді
ашық дереккөзі
353

Бүгін бүкіл қазақстандықтардың жылдағыдай Елбасының халыққа дәстүрлі Жолдауын күтіп телеарналардың тікелей эфиріне үңілетіні рас.  Алайда, www.zakon.kz ақпараттық порталының мәлімдеуіне сүйенсек, бүгін сағат түскі 12.00-де жолдануы тиіс Жолдау биыл телеарналардың тікелей эфирінен берілмейді-мыс. 

www.zakon.kz ақпараттық агенттігінің дерек көздеріне сенсек, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауы биыл тікелей трансцлия арқылы жолданбайды делінген онда. Жолдаудың теленұсқасын Астана уақытымен кешкі сағат 21.30-да мемлекеттік телеарналардан көруге болады. 

Бұл Жолдауда негізінен “Қазақстан – 2050” стратегиясын орындалу барысы сөз болмақ. бұл жайында Елбасы Астанада “Болашақ” халықаралық стипендиаттарымның 20 Жылдық мерей тойына арналған форумда мәлім еткен болатын. 

Президенттің алғашқы ресми Жолдауы 1997 жылы жолданған. Содан бері халыққа тікелей эфир арқылы жылына бір рет Жолдау жасау әдетке айналды. Мемлекеттік басылымдар жыл бойы “Жолдауға қолдау” акциясын жүргізіп келеді. Ал биылғы Жолдаудың тікелей эфирден берілмеуінің сыры неде? Сарапшылар қандай болжам жасауда? 

Серіктес жаңалықтары