Нұрлан Қапаров: "Роскосмос" өтемақы төлеуге асығар емес

Нұрлан Қапаров: "Роскосмос" өтемақы төлеуге асығар емес

Нұрлан Қапаров: "Роскосмос" өтемақы төлеуге асығар емес
ашық дереккөзі
230

“Түркістан” газетінің сайты осыдан біраз уақыт бұрын, Қазақстан үкіметінің Ресейге Байқоңыр даласына құлаған “Протон-М” зымыран тасығышынан келген апат үшін өтемақының құнын талап еткендігі жайында жазған еді. 

Онда ҚР Қоршаған ортаны және су ресусртарын қорғау министрі Нұрлан Қапаров өтемақының көлемін –  13  690 747 305 теңге, яғни 90 миллион доллар деп бағалағандығы айтылған. Алайда, Ресей тарапы бұл сомаға келісе қоймайтындығын айтып, жақын күндерде өз нұсқасын жариялайтындығын жеткізген еді. Бірақ, Нұрлан Қапаров мырза Ресейдің бұл мәселеде әлі ойланып жүр дейді: “Бізде әзірге өтемақыға қатысты ақпарат жоқ. Біз Ресей тарапының жауабын күтіп отырмыз. Біз үнемі байланыстамыз әрі өтемақының құнына байланысты жауаптарын тезірек қайтаруларын әрдайым естеріне салып отырмыз. Ресей тарапы да, соның ішінде “Роскосмос” бізбен жылы тілдеседі. Оларда ішкі процедуралары жүріп жатыр. Олар жақын күнде жауап береміз деген уәде беруде, алайда нақты мерзімін белгілеп отырған жоқ”  деген ол. 

Ең қызығы, Нұрлан Қапаров мырза бұған дейінгі мәлімдемелерінің бірінде, 2013 жылғы 2 шілдеде құлаған “ПротонМ” зымыран тасығышынан келген экологиялық зиянның  өтеуіне төленетін өтемақының құны белгілі болмайынша, “Протондардың” қазақ даласынан ұшырылуына рұқсат бермейтінін мәлімдеген еді. Алайда, 2013 жылдың соңына дейін Ресей тағы бірнеше “Протон” тасығыштарын ұшырып үлгерді. 2014 жылы басталысымен, өзінің биылғы жылға жоспарын жариялап үлгерген “Роскосмос” тағыда 20-дан астам зымыран тасығыш ұшыратын ниетте екендіктерін мәлімдеді. Оның 16-сы “ПротонМ” зымыран тасығыштары болып отыр. Бәрі де Байқоңырдан ұшырылатын болады. Бүгінде Қазақстанда “Антигептил” қоғамдық ұйымы жасақталды. Олар күн сайын ҚазҒарыш агенттігінің алдында наразылық акциясын ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Алайда алғашқы Мақсат Ілиясұлының наразылық акциясын құқық қорғаушылар бірден тоқтатты. Әрі оған 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынып отыр. 

Серіктес жаңалықтары