Зар жылатқан «жасырын пайыздар»

Зар жылатқан «жасырын пайыздар»

Зар жылатқан «жасырын пайыздар»
ашық дереккөзі
203

 Несие алушылардың ортақ мәселесі –
пайыздық үстеме. Келісімшартта көрсетілген пайыздан басқа уақыт өте келе
тағы да жалмауыздай болған жасырын пайыздар шыға келеді.

Онсыз да жиған-тергенін екі еселеп қарызға құйып отырғандарды зар жылататын
банктер тонаумен айналысатындай

Қаңтардың 9-ы күні “Каспий
банктің” 39 клиенті несие беру шарттарын жарамсыз деп тануды талап еткен
топтық шағымын сотқа жеткізді. Бұған дейін жұртшылық қарызын әупірімдеп өзі
жауып, ешкімге телмірмес еді. Тіпті ағайындардың «өзім алған қарыз ғой,
керегіме жараттым» деп үстемесін төлеп отырғанын талай естідік. Алайда келісімшартта
ұсақ әріппен көрсетілген жасырын мәліметтерді несие алушы түсіне қоймайды. Талап-арыз
“Каспий банкпен” келісім-шартқа отырған несие алушыны құжаттарға қол
қою кезінде несиелендіру шарттарымен мүлде таныстырмайды, сөйтіп қарыз алушыны
шатастырып, оның келешекте дефолтқа ұшырауына себеп болады деген уәжге
негізделген.

Алматы
қаласы Бостандық аудандық сотында “Каспий банктің” 40-қа жуық
клиентінің шағымы негізінде қозғалған іс бойынша алғашқы сот отырысы өтті. Сот
отырысына Сот төрағасы Ералы Бетпаев, банктің екі өкілі, 39 талапкердің кейбірі
және олардың адвокаттары мен өкілдері қатысты. Талапкерлер “Каспий
банкпен” бекітілген тұтыну несиелері жөніндегі келісім-шарттарды жарамсыз
деп тануды талап етеді. Олардың пікірінше, несиелендірудің жасырын шарттары
кесірінен банк алатын нақты сыйақы мөлшерлемесі жарнамада көрсетілген шамадан
асып кеткендіктен, несие алушылардың қаржылық ахуалы нашарлаған.

“Каспий
банк” қарыз алушылардың шағым-талабын негізсіз деп есептейді. “Каспий
банктің” атқарушы директоры Сабыржан Беркінбаев: “Бұл айыптаулардың
бәрі банк келісім-шарттың формасы мен несие есеп-шотын жүргізгені үшін алатын
комиссия туралы заңды бұзды-мыс деген болжам-жорамалдарға ғана негізделген. Талап-арызда
нақты фактілерге негізделмеген, декларативтік сипаттағы мәлімдемелер өте
көп” деп көрсетеді.

“Істі сотқа дейін жеткіздік. Енді біз келісім-шарттың әр тармағын
мұқият оқып, клиент банкке шынымен қарыз ба – соны анықтаймыз. Егер
келісім-шарттар жарамсыз деп танылса, банк ешбір пайызсыз, өсімпұлсыз, тек
берген сомасын ғана алады”, – дейді Ермек Нарымбаев. Судья Ералы
Бетпаев бірінші отырыста талапкерлердің өтінішін қанағаттандырғаннан кейін банк
өкілдері несие туралы келісім-шарт түпнұсқаларын қаңтардың 21-іне дейін көрсету
туралы міндеттеме алды. Келесі сот отырысы 21-қаңтарға қалдырылды.

Серіктес жаңалықтары