КІМ ҚАТЕЛЕСЕДІ?..

КІМ ҚАТЕЛЕСЕДІ?..

КІМ ҚАТЕЛЕСЕДІ?..
ашық дереккөзі
174

Алматыдағы Ұлттық кітапханадан шығып, Абай
даңғылын бойлап жүретін №65 бағыттағы автобусқа міндім. Ішінде біраз жолаушы
бар екен. Келесі аялдамадан үстеріне етегі тобыққа дейін жеткен ұзын қара жейде
киген екі жігіт мінді. Қолдарында ұзын баулы сөмкелері бар. Екеуі де еуропалық
нәсілден. Олар менің жаныма келіп, жоғарыдағы ұзын тұтқадан ұстап тұрды.
Сақалдысы сәлемдесіп алды да:

Сіз
Құдайға сенесіз бе? – деді. Орыс тілін бұрмалап сөйледі. Сірә, Батыс еуропалық
болуы керек.

Мен сенетінімді айттым. Жанындағы
сөмкесінен христиан дінін насихаттайтын кітапшалар шығарды. Сақалды сөзін
жалғады.

Сенімнің әрқалай жолы бар. Дегенмен… – дей
бергенде оның миссионер екенін түсіне қойдым да сөзін бөліп жібердім.

Мына ағаштарға қараңызшы, – деп әйнектен көше
бойында өсіп тұрған ағаштарды иегіммен меңзедім. – Бір-біріне ұқсай ма?

Ол басын шайқады.

Иә,
әртүрлі. – Содан соң көше ортасындағы шешек атқан неше алуан гүлдерді
көрсеттім. – Мына гүлдер ше?

Иә,
бұлар да бір-біріне ұқсамайды, – деді ол.

Енді мынаны айтшы, осыларды әртүрлі етіп кім
жаратты?

Құдай.

Кім қателеседі, Құдай ма адам ба?

Адам.

Ендеше мені мен сені де Құдай жаратты ғой.
Екеуміздің түр-басымыз екі басқа. Бір-бірімізге ұқсамаймыз. Мен – азиялық,  ал сіз еуропалық нәсілденсіз. Жаратушы бізге
түр беріп қана қойған жоқ, екі басқа тіл де берді. Маған өзіне құлшылық етудің
амалы Ислам дінін, сізге христиан дінін ұстануды парыз етті.  Ал енді сіз маған өз дініңізді насихаттап,
соны қабылдатқыңыз келеді. Сонда сіз Құдайдың ісіне түзету жасамақшысыз ба?

Ол үндеген жоқ. Алдымыздағы орындықта
газет қарап отырған еуропалық нәсілдегі егде кісі басын жоғары көтеріп, оған
миығынан мырс ете қалды. Мен үзілген сөзімді жалғап:

Сіз
Жаратушымыз бір, бірге тату-тәтті өмір сүрейік десеңіз сөз басқа, – дедім.

Бұдан әрі сөйлесуді жөн көрмеді ме олар
келесі аялдамада түсіп қалды.

 

 
К.
АДЫРБЕКҰЛЫ

Серіктес жаңалықтары