АҚША САТЫП БАЮДА

АҚША САТЫП БАЮДА

АҚША САТЫП БАЮДА
ашық дереккөзі
217

 


Қазақтың төл теңгесін бірнеше
есе қымбатқа сататындар пайда табудың оңай жолын таңдапты. Теңгені сатып алуда
әсіресе, түрік, испандық пен ресейліктер аса белсенді.

Естімеген елде көп. Ебін тапқандар екі емес, бірнеше рет
асайтынын тағы да дәлелдеді. Электронды сату желісі арқылы аукцион
ұйымдастырғандар Қазақстанның төл теңгесін бірнеше есе қымбатқа сату арқылы
пайда табуда. Мәселен, 10 мың теңгелікті 300 АҚШ долларына (45 мың теңге
көлемінде) сатқандар бар. Теңгені коллекциялық құндылық ретінде
бағалайтындардың қызығушылығы әсіресе, 200 теңгелікке қатты ауыпты. Осының
арқасында Испания тұрғыны 13 клиентке 200-дікті 4 АҚШ долларына, яғни, 600
теңгеге сатыпты.

Сонымен қатар жуырда ғана жарыққа шыққан жаңа 1000
теңгелік купюра да тұтынушылық сұранысқа ие. Күлтегіннің ескерткіші бейнеленген
мыңдық 12 долларға (шамамен, 2 мың теңге) сатылып жатқан көрінеді. Ал сатушы –
венгриялық азамат.

Электронды сату жүйесі арқылы қазақтардың төл теңгесіне
қол жеткізуге Түркия, Испания мен Ресей тұрғындары құлшынады екен. Есесіне,
теңгенің сирек кездесетін үлгілерін алуға Қазақстан азаматтары белсенді емес.
Қазақстанның ұлттық валютасы саналатын теңгенің айналымға енгізілгеніне былтыр
20 жыл болды. Осы уақыт ішінде теңге сан рет өзгертілгені белгілі.

  Нәзия Жоямергенқызы

Серіктес жаңалықтары