«Есектің артын жусаң да...»

«Есектің артын жусаң да...»

«Есектің артын жусаң да...»
ашық дереккөзі
4179
Бір қадірменді кісінің үйінде қонақта отырмыз. Ұзын стол басында жас та қарт та бар. Әңгіме бизнес жайында өрбіп жатыр. Қарттар жағы сирек қосылады. Ал жастар бір-бірімен жарыса сөйлеуде. Жақан: «Заманың қасқыр болса, түлкі болып шал», – деген. Пәленшеден алдап-сулап ананы алдым да, төленшеге үстеме бағамен сатып, екі есе пайдамен әлеуеттік жағдайымды көтердім. Абай атамыз:  «Есектің артын жусаң да мал тап» деген ғой», – деп көпіді. Самғат: «Атамыз қалай дәл айтқан! Мен көрегендігіне осы күнге дейін қайран қаламын. Жуырда Ақсудағы Арыннан малың арық деп, отыз қойын қойын жиырма мың теңгеден сатып алдым да, сол күні кешкісін қаладағы ет сатушыларға жиырма сегіз мыңнан саттым. Ауылдың адамдары малын қалай өткізудің амал-айласын білмейді. Содан оңай алдауға түсіп қалады. Алдамасаң пайда қайдан болсын», – деп шіренді. Төрде отырған ақсақал: «Е, бейнетін Арын көріп, пайдасын сен көрген екенсің де», – деп басын шайқады. Самғат: «Ақсақал, заман солай. Түлкі болып шалмасаң қалтаңа түк те түспейді», – деді ыржиып. Иә, Абай жарықтықтың солай дегені бар. Бірақ ол оны жастар тәлім алсын деп, ұлағатты сөз ретінде айтқан. Ал Жақан мен Самғат секілділер оны теріс мағынада түсініп жүр. Қоғамда мұндайлардың саны да аз емес. Абайдың: «Есектің артын жусаң да мал тап» дегені адал еңбекті дәріптегені. Қандай жұмыс істесең де арсынбай адал істе дегені ғой. Абайдың өлеңдерін, қара сөздерін оқып көріңізші. Қай сөзінде қулық-сұмдықпен мал тап деген? Керісінше, бәрінде де адалдыққа шақырған. Арамдықтан, қулықтан жирендірмей ме. Жақан мен Самғат секілділер Абайдай данышпанның ұлағатты сөзін бұра тартып, өзгелерді де жаңылыстырып жүргені өкінішті.   К. АДЫРБЕКҰЛЫ

Серіктес жаңалықтары