Шумахердің даусы шықпай қалуы мүмкін 

 Шумахердің даусы шықпай қалуы мүмкін 

 Шумахердің даусы шықпай қалуы мүмкін 
ашық дереккөзі
198

Жуырда шаңғы теуіп, жарақат алған Шумахердің жағдайы бірқалыпқа келді. Десе де екі ота жасатқан соң, оның даусы шықпайды және мүгедек болып қалуы мүмкін дейді дәрігерлер. Әйгілі шабандоздың шаңғыдан құлауы бүкіл әлем халқының таңданысын тудырған еді. Тіпті кейбірі жылдамдықты менсінбейтін шабандоз, тау шатқалдарын бағындырамын деп ойласа керек дейді.

Шумахердің шаңғысы тексерілді. Шаңғыда еш кілтипан болмаған анықталды. Шатқалмен төмен құлдилағанда арнайы тегістелген жолдан таудың тазаланбаған, қауіпті аймағына өзі бұрылған сияқты. Бұл бейнебақылау жазбаларынан анық байқалады делінген Lenta.ru ақпарат көздерінде.

«Шумахердің миын күн сайын сканерлеп отырған көрінеді. Дүйсенбі күні миының екі жағында да гематома болған, ал қазір сол жағындағысы ғана қалыпты. Алайда ол тез арада жазылмаса, соның әсерінен науқастың денесінің оң жағы сал ауруына ұрынуы мүмкін екен. Ондай жағдайда Шумахер дыбыс шығару қабілетінен де айырылып қалуы мүмкін» дейді Гренобл дәрігерлері.

Серіктес жаңалықтары