Наркодилердің айы оңынан туды

Наркодилердің айы оңынан туды

Наркодилердің айы оңынан туды
ашық дереккөзі
173

Бұл жаңалықты жергілікті БАҚ өкілдері барша әлемге
жария етті. Тарихта бұрын-соңды болмаған оқиға әлем жұртшылығына жаға ұстатты.
Өйткені марихуана – есірткінің бір түрі. Ол жасөспірімдер миының дамуына зиянын
тигізетіні дәлелденген. Соған қарамастан штаттар бұл сауданың табысын алға
тартуда, себебі бұған дейін жасырын қара базарларда жүргізілген есірткі саудасы
құрама штаттарға ешбір салық төлемеген. 
Сондықтан ашық сауда мемлекеттің өз еншісін алуына үлкен көмек деген
пікірде жергілікті билік өкілдері. Жаңа идея жанашырлары мұнымен тоқталмақ
емес, олар өзге де штаттарды соңынан ертпек.

Жер дүниені шалқадан түсірген жаңалықты қолдаушылар
көп сияқты. Әсіресе 21 жасқа толғандар марихуананы белгілі бір мөлшерде сатып
алумен қатар, оны өз бақшасында өсіруге мүмкіндігі болады. Ол үшін тек лицензия
алып, белгілі мөлшердегі салықты төлеп отырса болғаны.

Бүгінде жаһан халқын марихуананың рұқсат етілгені
емес, одан түскен пайда көбірек қызықтырып отыр. Колорадо штатында марихуанадан
түскен табыс – 5 миллион доллардан асып жығылады. Сарапшылардың болжауынша,
2014 жылы марихуанадан 2,34 миллиард доллар түсуі мүмкін.

  Колорадодағы алғашқы дүкен 2-қаңтарда
ашылған. Бірақ үлкен дүкендердің көпшілігі атышулы Денвер қаласына шоғырланыпты.
Бүгінге дейін бас-аяғы 348 дүкенге лицензия берілген екен.

  Жалпы АҚШ-та федералды округ көлемінде
марихуанаға рұқсат жоқ. 20 штатта медициналық мақсатта қолдануға рұқсат
етілген. Бұл атүсті шешім Барак Обаманың жақында айтқан сөзінен тұтанған. АҚШ
президенті бұл мәселеге қатысты әр штаттың өз саясатын қолдануына рұқсат
беремін деген болатын. Ендеше Барак Обама – АҚШ-тың қара нәсілді бірінші
президенті ғана емес, есірткіге рұқсат берген тарихи президенті болмақ па?! Бұл жаңалықты жергілікті БАҚ өкілдері барша әлемге

президенті ғана емес, есірткіге рұқсат берген тарихи президенті болмақ па?!   

Серіктес жаңалықтары