Мешімбаева бұрынғы сыбайласымен кездесті

Мешімбаева бұрынғы сыбайласымен кездесті

Мешімбаева бұрынғы сыбайласымен кездесті
ашық дереккөзі
378

Жаңа жылдан кейін Статистика агенттігінің бұрынғы басшысы Анар Мешімбаеваға қатысты сот процесі жалғасын тапты. Кеше оның басты сыбайластырының бірі, алты жылға сотталған Нұрман Баянов Ақмола облысындағы абақтыдан сот залына жеткізілді. Н.Баянов 2010 жылы ұсталып, жазаға тартылған болатын. Ол ұлттық санақ кезінде жеті теңгелік санақ парақшаларын он жеті теңгеге қолдан қымбаттатып, мемлекет ақшасын қымқырды деп айыпталғанын айта кету керек.  

Соттың сұрақтарына жауап берген Н.Баянов өз сөзінде экс-төрайымды ақтаумен болды. Мемлекеттік сатып алу кезінде ешкім қысым жасамағанын айтып, шаң жуытпады да. Осы кезде Мешімбаева тісінің ауырғанын айтып, изоляторға дәрігер жіберуін өтінді. Ал «Нұрман Баяновтың айтқандары шындыққа сәйкес келе ме?» деген сұраққа айыпталушы Анар Мешімбаева: «Бұл кісі зиялы, білімді адам. Не дегенін өздеріңіз де естідіңіздер ғой…» деді орыс тілінде.  

А.Мешімбаеваның қорғаушысы Ботагөз Бейсембаева: «Көп мысал келтіруге болады, сол Қаржы полициясының өзі, бас прокуратура да А4 форматындағы қағазды  жоғары бағамен сатып алады. Бюллетеннің түр-түсін көрдіңіздер ғой, барлықтарыңыз куә болған шығарсыздар», – деді.

Сонымен, 2009 жылы санаққа бөлінген  758 млн. теңгеге не Мешімбаева, не Баяновтың қатысы жоқ болып шықты. Енді дүйсенбі күні келесі маңызды куәгер «Киік» фирмасының құрылтайшысы, 9 жылға сотталған Серік Тұржанов келмекші. Ол Қарағандыдағы абақтыдан Астанаға жеткізілді. Сот процесі Мешімбаеваның осы сыбайласының сөзінен кейін үкім шығаруға кіріседі. 

Динара Дүрмән 

Серіктес жаңалықтары