Темір жол: ЖОЛ АҚЫСЫ ТАҒЫ ДА ҚЫМБАТТАДЫ

Темір жол: ЖОЛ АҚЫСЫ ТАҒЫ ДА ҚЫМБАТТАДЫ

Темір жол:   ЖОЛ АҚЫСЫ ТАҒЫ ДА ҚЫМБАТТАДЫ
ашық дереккөзі
175

Кеше кешкісін телеарналар теміржол жолаушыларына
жол ақысының қымбаттағаны жайлы жарыса хабар таратты. Оның бар себебі
жолаушыларға қызмет көрсетуді жақсарту мақсатынан туындаған екен. Алайда астаналық
бір студент осындай қымбатшылықтан жағдайларының бұрынғыдан да қиындай түскенін
жеткізді. Қазақстан Ұлттық теміржол компаниясының бұрынғы президенті Жақсыбек
Құлекеев теміржолдағы былықтар мен жемқорлармен күресемін деп, істі болғанын
жұрт жақсы біледі. Ол соттың істі қарау кезінде теміржолдағы асқынып кеткен
осындай келеңсіздіктерді ашып айтып, жұрттың көзін ашқан еді. Ал қазір ақпарат
құралдарынан бұл саладағы жемқорлармен күрес жөніндегі материалдарды көріп, оқи
бермейміз. Сонда осы саланың басшысы Мәми неге үнсіз деген ой келеді. Үкімет
теміржолдағы жемқорлардың жолын кессе, бұл
саланың жұрттың қалтасына түспей-ақ өздерін-өздері қамтамасыз ете алатынын
білікті экономистер айтып жүр.  Оның
үстіне темір жолдағы пайдалынылмай
жатқан қаншама резервтер бар. Құлекеев сотта бәрін көрсетіп берді ғой. Әттең
сол өз ісіне берілген, халықтың жанашыры болған жан осы салада күні бүгінге
дейін қызмет еткенде, теміржолдағы жағдай мүлдем басқаша болар ма еді.

К. Жүзімдіков.

Серіктес жаңалықтары