152
Оймақтай ой: Ұлтшыл билік болғанда...
Оймақтай ой: Ұлтшыл билік болғанда...
Мырзажаннан Мерзкоянға дейін…
Мәскеудегі антисталинист әріптестеріміз мұрағаттардан Мирзоянның Сталинге жазған телеграммасын осыдан 2 жыл бұрын тауып алып, біздерге жолдаған болатын.
Сол кезде бірнеше қазақ сайттары мен газеттері тақырыпты іліп алып кетіп, қоғамдық пікірді тудыра бастады. Екі-үш конференция мен дөңгелек үстелде бұл тақырып жіті талқыланды. Көптеген зиялы қауым өкілдері осы тақырыпты жазып, Қазақия қалаларындағы осы бір қандықол жендеттің атындағы көшелерді, белгілерді құрту жөнінде ұсыныстар, ашықхаттар жасады.
Міне араға 2 жыл салып, Астанадағы Мерзкоян жойылды. Қазақ арасындағы “Мырзажан” деушілердің саны еселеп азайды. Жастардың арасында бұндайлар жоқ десе де болады. Алдағы уақытта Алматы, Ақтөбе, Жамбылдағы “мерзкояндардың” көзін құрту мәселесі тұр.
Қарап отырсақ, белгілі бір бағытта қоғамдық пікірді тудыру үшін шамамен 2 жыл уақыт керек екен. Нәтижеге жету үшін 3-5 жыл аралығы жетіп жатырған сияқты.

Әттең! Ұлтшыл бағыттағы билік болса, бұның барлығын бір айдың ішінде қопарып, біржолата жылы жауып тастауға болатын еді. Ұлттың қаншама жігерін, энергиясын үнемдеп, басқа да кезек күттірмес шараларға жұмсауға болар еді.