Мемлекеттік тілді үйрену - әрбір Қазақстан азаматының міндеті ме?

Мемлекеттік тілді үйрену - әрбір Қазақстан азаматының міндеті ме?

Мемлекеттік тілді үйрену - әрбір Қазақстан азаматының міндеті ме?
ашық дереккөзі
220

Сенбі күні, әлдеқандай шаруамен баламның ағылшын тілі пәнінің мұғалімімен жолықпақ болдым. Галина есімді ол апай, орыс па, татар ма? Әйтеуір, славян текті екен. Бара шүлдірлеп орысша сөйлей бастап ем, ол қазақша тіл қатты. Өзіміздің қазақтар менсінбей тұрғанда, оның қазақша ілтипатпен сөйлегенін ұнатып қалып, балама, “Апайың жарап тұр, қазақша сөйлейді екен” деп едім, ол: “Енді қазақ мектебінде істеген соң, қазақша білуі тиіс қой” деді жайбырақат. Ойланып қалдым. Қазақ мектебінде жұмыс істейтіндердің қазақ тілінде білуі тиіс екенін өзге емес, ІІ кластың оқушысы сезініп тұр. Сонда қазақ мемлекетінде, қазақ үкіметінде жұмыс істейтіндердің қазақша білмеуін немен түсіндіреміз? Бұл да дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома ғой. Ал біз жиырма жыл бойы, мемлекеттік тілді үйрену – әрбір Қазақстан азаматының міндеті екенін барлық азаматқа сезіндіре алмадық қой!

Серіктес жаңалықтары