«Алма-Ата» атауын қайта бықсытудың астарында не жатыр?

«Алма-Ата» атауын қайта бықсытудың астарында не жатыр?

«Алма-Ата» атауын қайта бықсытудың астарында не жатыр?
ашық дереккөзі
217

2014 жылдың
алғашқы күнінде www.tengrinews.kz сайты алматылықтар ұмытуға шақ қалған «Алма-Ата» атауы жайлы әңгімені қайта бықсытты . Онда «Kazakhstan
Today

ақпараттық агенттігі жүргізген әлеуметтік сауалнаманың қорытындысы бойынша, сұралғандардың
52 пайызы қалаға бұрынғы «Алма-Ата»
атауын қайтару керек деп есептейді» делінген. Бұл жайында өзінің Фейсбук
әлеуметтік желісінде белгілі саясаткер Мұрат Әбенов өз ойын жазған екен: «Міне,
тағы басталды. Тым құрығанда 5-6 күн саясаттан демалайық та. Тыныш
жатқан жыланның құйрығын басып қажеті қанша? 1230 қолданушының пікіріне бола,
Алма-Ата атауын қайтару туралы тақырыпты көтерудің қажеті қанша?!. Бұл ретте,
бірнеше сауал көлденеңдейді екен: біріншіден, сауалнаманы жүргізген кім, қандай
таңдау пайдаланылды, сауалнама қай тілде жүргізілді, бұл қандай портал, оның
танымалдылығы қандай, сауалнаманың технологиясы қандай және интернет
қолданушылардың идентификациясы (біртектілігі) неде? Қазақстан халқын бірітктіретін мыңдаған тақырып
тұрғанда, бірін-біріне айдап салатын тақырыпты көтерудің қажеті қанша? Тату
болайық. Бөлінгенді бөрі жейді! Жаңа жылдарыңызбен!» деген ол.

c6fb05e3bfa26c00960795918084fe11.jpg

Бұл ретте www.tengrinews.kz сілтеген www.kazakhstantoday.kz сайтына да көз салып көрдік. Алайда бір-бірінен
айнымайтын екі мақаладан өзге ешқандай сауалнаманы да, оның сілтемесін де
байқай алмадық. Бұл ақпарат тек орыс тіліндегі парақшада беріліпті. 

5c39949aa8440d486b1a838b56491e87.jpg

Осыдан-ақ,
сауалнаманың тек орыс тілінде жүргізілгенін бағамдай беруге болады. Ал осы
сауалнаманы қазақтілді респонденттердің арасында жүргізіп көргенде, нәтижесінің
қалай болғанын көруге болар еді. Шынында да саясаткердің айтуынша, Қазақстан
халқы бір мүдде, бір мақсат тұрғысына қашан жұмылады. Орыстілді ақпараттар
Қазақстан халқын қашан бір арнаға тоғыстыруды көздейді? Әзірге елді екіге
жаруды тоқтатар емес. Биылғы жылдың алғашқы таңында оқырманы мол сайттардың
мұндай арандатушы мәлімдемені таратуының өзі – елде ұлттық проблемалардың әлі
де шешілмегендігін және орыстілділердің мемлекетті интеграцияға бастаудың
орнына бөле-жаруды мақсат ететінін көрсетеді. Демек биылғы жыл да орыстілділер
мен қазақтілділердің айтысынан көз ашпауы мүмкін. Тек бір нәрсе айқын,
мемлекетті құраушы негізгі ұлттың мақсат мүддесіне қызмет етпеудің соңы ұлы
өкінішке айналатыны кәміл. Осыны әлі күнге ескермеуіміз,  өкінішті.  

Есен Байнұр

Серіктес жаңалықтары