Путин зейнетақы реформасына қол қойды

Путин зейнетақы реформасына қол қойды

Путин зейнетақы реформасына қол қойды
ашық дереккөзі
237

Жаңа зейнетақы реформасына Владимир Путин қол қойды. Бұл реформа бойынша зейнетақы қоры түбегейлі өзгереді.  Сөйтіп 2015 жылдан бастап ресейлік зейнетақыны жинау баллмен есептелмек.Зейнетақы қорының баллы айлық еңбекақымен, еңбек өтілі дәне зейнетке шығу жасымен есептелмек. Еңбек зейнетақысын тағайындаудың ең минималды жасы 2020 жылға дейін 15 жылды құрайтын болады.

Жаңа реформа 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізіледі.

1967 жылы туылғандарға зейнетақысының сақтандырылған қоры есептеледі, ал одан жастарға таңдау беріледі. Оған сәйкес, олар сақтандыру жүйесі немесе ЗЖҚ және басқару компаниялары арқылы қосымша жинақтау зейнетақысының бірін таңдау құқы бар.

Ресейдің «Сақтандыру зейнетақысы» туралы заңы бойынша зейнетақының 3 түрі болады. Біріншісі – кәрілікке дейінгі сақтандыру зейнетақысы, екіншісі – мүгедектік немесе асыраушысынан айрылуы бойынша зейнетақы тағайындалады.

Реформаның анық-қанығы «Российская газетінде» жарияланады. Естеріңізде болса, елімізде ұсынылған зейнетақы қоры реформасы 2018 жылға қалдырылған. Оған дейін құқықтық және әкімшілік жақтары пысықталуы тиіс. Ал Ресейдегі реформаның насихаты кеңінен жүргізілді. Нәтижесінде РФ Президенті қол қойып, қолданысқа енгізілмекші.

Серіктес жаңалықтары