Нәрестеге «Елбасы» есімі берілді

Нәрестеге «Елбасы» есімі берілді

Нәрестеге «Елбасы» есімі берілді
ашық дереккөзі
241

2013 жылы елімізде туылған нәрестелерге қайталанбас есімдер көп қойылыпты. Мысалы, өткен жылы ұл балаға Елбасы, ал қызға Ырыздық деген ат берілген. ҚР Статистика агенттігінің мәліметінше, Халықназар, Ұлыс, Христофор, Бауыржанмомыш, Айтумар, МҰзафар Әли, Дінмұхамедәли, Атақозы және Златослав сияқты сирек есімде қойылған.

Ал осы жылы туылған қыз балаларға Стелла Мария, Ниязалка, Ырыздық, Сапфира, Ханымқыз, Айғажайып, Мекке Мадина, Дын-Нафиса және Шыннұр сияқты есімдер қойылған. Байқасақ, бұл аталған есімдердің ішінде мағыналы, дәстүрлі есімдер бар және ұлы тұлғаларымыздың құрметіне қойылған.

Сондай-ақ 2013 жылы 2576 баланың есімі – Ерасыл болса, 4369 қыздың есімі – Айзере екен. Бұл Қазақстанда соңғы жылдары ең жиі қойылып жүрген есімдер. Бұлардың қатарында Әлихан, Нұрислам, Санжар, Рамазан, Мирас, Артем, Амир және Асен бар, қыздардан Айару, Інжу, Кәусар, Айша, Аружан, Әмина, Аяулым, Іңкәр және Диана бар.

Сондай-ақ Қазақстанның ЕҚЫҰ-ның төрағалығын алғанда нәрестеге Саммит деген есімдер берілген.

Серіктес жаңалықтары