Біз кімге қарызбыз?!.
Біз кімге қарызбыз?!.
Қазақстанның мемлекеттiк қарызы
26,5 млрд. теңгенің көлемінде. ҚР Қаржы вице-министрi Руслан Дәленовтің
айтуынша, борыштың деңгейі қатаң қадағауда. Орталық
коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте Дәленов: «2014 жылдың 1 қазанындағы
деректер бойынша Қазақстанның мемлекеттiк қарызы 4 трлн. 074 млрд. теңге. АҚШ доллармен
есептесек, шамамен 26,5 млрд. АҚШ доллары көлемiнде. Бұл ішкі жалпы өнімнің 1,9
пайызына тең. Айтарлықтай төмен көрсеткiш», – дедi Р. Дәленов.
Вице-министрдің айтуынша, мемлекеттiк
кепiлдiк аясында алынған қарыздар 121 млрд. теңге болып отыр. Ал соңғы 9 айдың қорытындысы
бойынша үкiметтiк қарыз бен оны жабу көлемi қауiпсiз деңгейде. Бюджетке салынған
қарыз ауыртпалығы бюджеттiң пайдасымен салыстырғанда ойдағыдай шекте – 9,7
пайыз деңгейiнде тұр: «Естеріңізге сала кетсек, ең шектеулi лимит 15 пайыз. Бiзге
еш қауiп жоқ. Дүниежүзiлiк экономикалық форумның 2013-2014 жылдарға арналған жаһандық
бәсекеге қабiлеттiлiк индексiнде қарыз көлемi төмен елдердiң iшiнде Қазақстан
жоғары 14-орынға ие болды».
ҚР Ұлттық банк тарапынан берілген
ресми деректерге сүйенсек, Қазақстан ең алдымен Нидерландтарға қарыз: $33541,8.
Содан кейінгі кезекте – Ұлыбритания ($23555,3) мен Қытай ($17058,7) тұр. Ал қазақтар
ең аз қарыз алған елдер қатарында Боливия, Индонезия, Мексика, Португалия,
Филиппиндер мен Шри-Ланка бар.
Нұрахмет Қуат