Қазақстан кәсіпкерлері Әлемдік нарыққа төтеп бере ала ма?

Қазақстан кәсіпкерлері Әлемдік нарыққа төтеп бере ала ма?

Қазақстан кәсіпкерлері Әлемдік нарыққа төтеп бере ала ма?
ашық дереккөзі
222

 

Дүниежүзілік
Сауда ұйымына Беларусть та қызу дайындықта. Алайда Қазақстан мен Ресейге
0ара5анда бай шикізат қоры, өңдеу саласы мен агроөндіріс секторы бәсеңдеу болса
да, бәсекеге қабілетті болуға ұмтылуда. «Дәл осындай қызметті Ресей федерациясы
да қарқынды түрде жүргізуде. Біз ДСҰ-на кірудің аз-ақ алдындамыз. Он жылға
созылған келіссөз аяқталып қалды. Біздің тұтынушылар сапалы өнімге қол жеткізе
алады. Осындай жағдайда біздің кәсіпорындар мен жаңа өндіріс, жаңа сектор
бәсекеге қаншалықты қабілетті болмақ», – деді Серік Ахметов.

Кедендік
одақ, Еуразиялық экономикалық кеңістік және Дүниежүзілік Сауда ұйымымен бірге
елімізге мінсіз қызмет пен тауарлар да келеді. Бұл дегеніңіз, бәсекелестік арта
түседі деген сөз. Бүгінде дамуына көп көңіл бөлініп жатқан шағын және орта
кәсіпкерліктің күйі не болмақ? Аяғынан әрең тұрып, қанатын жаза бастаған
кәсіпкерлер әлемдік нарықты жаулаушыларды қалай қарсы алмақ. Екатеринбургтегі
Қазақстан және Ресей қатынастарының Х форумында екі елдің экономикалық
серіктестігі осы түйткілді кеңінен талқылаған еді. Еліміздің кәсіпкерлері
шетелдік серіктестермен бірлесіп жұмыс істеуге дайын еместігі туралы сөз болды.
Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының сауда өкілі Александр Цыганков
кейбір мәселелердің кәсіптегі кедергілерін реттеудің қажеттілігін атады.

– Ресей кәсіпкерлері Қазақстан
нарығына асық. Қолдарында дайын жобасы, бизнес-жоспары да бар. Бірақ Қазақстан
нарығына тауар тасымалдау бір бөлек, бірлескен кәсіпорын ашудың жөні мүлде
бөлек. Бұл ретте ресейлік серіктестер бірқатар қиындықтарға тап болуда. Ол –
қазақстандық кәсіпкерлердің жаңа нарыққа шығуға деген құлшынысының жоқтығы.
Халықаралық нарыққа шығуға дайындық жоқ. Біз көп жағдайда серіктес іздеуге
уақыт жоғалтамыз. Кейбірін тіпті құжат рәсімдеген соң таппай қалып жатамыз.
Сондықтан осындай кедергілер әзірге тығыз қарым-қатынас орнатуға кедергі болып
тұр. Міне осындай негізгі мәселелер форумға өзек болмақ, – деді Цыганков мырза.

Қазақстан мүше болған немесе
жақында есігін ашатын ұйымдардың арасында да бәсеке қалыптасып, ұлғайа түспек.
«Мен бұл пікірді не үшін айтып отырмын, біз осыған ден қою үшін айттым. Біз бұл
жағдайды жуырда бастан өткереміз, біздің бизнес дайын болуы керек. Өйткені
бүгін өз орталарыңызда жағдай жақсы, алайда күні ертең түрлі тауарлар біздің
отандық өнімдерді ығыстырып тастайды. Осы кезде кәсіпкерлер екі ортада Үкіметті
кінәлайтын болады», – деді Премьер-министр. Отандық тауардың бәсекелестері
қазір де бар және қазірдің өзінде шетелдік тауарлар қазақстандық өнімдерді
сапа, сан жағынан алдын орайды. Әсіресе, сүт және сүт өнімдері бойынша елімізде
Беларусь, Ресей тауарлары тұтынушы көңілін жаулап үлгерген. Сондықтан
ірілі-ұсақты кәсіпкерлердің қызметтері мен тауарлары тасада қалуы ықтимал. 2009
жылы Кедендік одаққа мүше болардың алдында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев:
«Қаңтардың  1-інен бастап  біз  Ресей және Беларусь
Республикасымен  кедендік шекараны  ашқалы 
отырмыз. Бұл дегеніміз,  біздің  сөрелерімізде 
ресейлік  және беларус тауарлары пайда  болады  деген сөз. Қазақстандық 
тауарлар  ресейлік  және  беларус 
импортына  бәсеке  бола  ала ма? Бұл жағдайдағы
жалғыз  ғана  дұрыс шешім – жоғары сапалы, бәсекеге қабілетті, 
экономикалық нарықта сұранысқа  ие тауарлар  шығару” деген
болатын. Одан бері бесінші жылға аяқ басқалып отырмыз. Кедендік одақ аясында үш
елдің экономикасы біте қайнасып, өзара тауар алмасу жүзеге асты. Бұл кезеңде
кәсіпкерлеріміз шетелдік нарыққа біртіндеп болса да есік ашса да, солтүстік
серіктестерден келген тауар легі көп-ақ.

Отандық кәсіпкерлерді қолдау
мақсатында Үкімет салықтық және ақша-несие жүйесін жетілдірді. Елімізге кіретін
ірі компаниялар үшін түсінікті, ашық және қолжетімді ойын алаңы болады. Кәсіпкерлерге
«салықтан қашудың емес, салықты төлеудің жолдарын жеңілдету» қарастырылды. Бұл
туралы заң жобасы депутаттар оқылымына беріліп, қабылданып та қойды.

Дүниежүзілік Сауда ұйымы,
Кедендік одақ, Еуразиялық экономикалық интеграцияға кіреміз. әлемдік нарық
ашылады. Осы жағдайда бәсекеге қабілеттілікті сақтау үшін отандық кәсіпкерлерге
қандай шараларды қолдану керек?

Абылай Мырзахметов, «Атамекен
одағының» басшысы, Ұлттық кәсіпкерлік палатасының төрағасы:

 
Тасымалдау,
логистика, сыртқы сауда операциялары және салықтық салымдар туралы мәселелердің
қыр-сырын түсініп алу керек. Сонда ғана экономикалық кеңістіктің болашағы мен
жүйелілігін арттыра аламыз. Экономикалық интеграция бойынша халықаралық
келіссөздер жүргізетін мемлекеттік органдар әуелі кәсіпкерлер және кәсіпкерлік
қоғамдастықтармен ақылдасқаны жөн. Тек кәсіпкердің өзімен сөйлескенде ғана
барлық кедергілерді көре аламыз, сонда ғана экономикалық одақтың тұрақты
дамуына қол жеткіземіз. Мысалы, Кедендік одаққа қатысты туындаған түйткілдер
мемлекеттің кәсіпкерге құлақ аспағанының салдары. Қайта кәсіпкерлер ойын есепке
алса жылдам келіссөз аяқталар еді. Қазақстан бойынша Ұлттық палатаға осы мәселе
бойынша берілген шешімдердің қорытындысын сараптауға құқық берген.

Болатбек Қуандықов, ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің
төрағасы:

 
Негізі қазақстандық
кәсіпкерлерге Ресей, Беларусь нарығына шығу оңай емес, көптеген қиындықтар бар.
Екі тараптың техникалық және әкімшілік
кедергілері шыға қалса, біз оны ортақ талқыға саламыз. Сонда әрбір тарап
келісімшартқа сәйкес белгілі бір міндеттемелерін мойнына алады, әр елдің өзінің
мемлекеттік органдарымен, яғни РФ немесе Беларусьтің Ауылшаруашылығы
министрлігі өздері мәселені шешіп, тек содан кейін Еуразиялық комиссияға баяндайды.

Серіктес жаңалықтары