ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ
ашық дереккөзі
247

Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар берілді.

Олардың қатарында мәдениет, ғылым, білім беру, денсаулық сақтау салаларының көрнекті қайраткерлері, өндіріс, бизнес саласының өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілер, спортшылар, соғыс және еңбек ардагерлері бар.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы На­зарбаев бірқатар мәдениет майтал­мандарын «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері» наградасымен марапаттады. Олардың қатарында:  Бауыржан Байділда, Қарақат Әбілдина, Нұрлан Әлімжан, Сәкен Майғазиев, Сержан Кәуіков, Тайыр Гатауов, Карина Абдуллина, Ерлан Малаев сияқты өнерпаздарымыз бар.  Өнер көгінде жүрген қайраткерлерімізді мара­пат­тарымен құттықтаймыз! Жұлдыздары жарқырай берсін!


«Түркістан-ақпарат»

Серіктес жаңалықтары