БӘРІМІЗДІ ЖЕРГЕ ҚАРАТТЫ

БӘРІМІЗДІ ЖЕРГЕ ҚАРАТТЫ

БӘРІМІЗДІ  ЖЕРГЕ  ҚАРАТТЫ
ашық дереккөзі
280

Еліміз Тәуелсіздік мерекесіне төрт күн демалды. Бұл айтулы күнге отандық телеарналар не ұсынды? Бұл сауалға кез келген көрермен ренішті кейіпте жауап беретіні анық. Себебі, бұл күні телеарналар эфирін әншілердің концерті мен шоу бағдарламалармен толтырған сияқты. Одан қала берді, мереке сайын көрсететін «Жау жүрек мыңбала», «Көшпенділер», т.б. фильмдері де  жаттанды тірлікке айналды. Тіпті, көрермен бұл кинолардың әрбір сюжетін жаттап алды десе болғандай. Әрине, халықтың патриоттық рухын асқақтататын тарихи фильмдердің эфирден берілуіне ешкім қарсы емес. Алайда, ұлық мерекеге арнайы бағдарлама дайындауға болмай ма? Грузия, Өзбекстан, Тәжікстан, тіпті Грузия мемлекеті тәуелсіздік мейрамын қалай тойлайды десеңізші. Барша халқы алаңға жиналып, салтанатты шараға ұласады. Ұлттық тарихқа көз жүгіртіп, бүгінгі Тәуелсіз елдің болашағына сенім білдіреді. Мұның кейінгі ұрпаққа берері мол. Ал, бізде Тәуелсіздік – жетім қыздың тойындай атап өтіледі. Неге? Тәуелсіздігімізді ең әуелі телеарналар кәсіби деңгейде насихаттамаса, онда әлі күнге құлдық санадан құтыла алмай жүргендігіміз шығар?! 

Динара ДҮРМӘН

Серіктес жаңалықтары