«Жас Отаудың» бұрынғы басшысы сотталды

«Жас Отаудың» бұрынғы басшысы сотталды

«Жас Отаудың» бұрынғы басшысы сотталды
ашық дереккөзі
518

Былтырғы жылдың
қазан айында Алматы қалалық Қаржы полициясы «Жас Отау» неке сарайының
қызметкерлеріне «157 млн. теңгені жымқырды» деген айып тағып, қылмыстық іс
қозғаған болатын. Олар әрбір екінші некені ресми тіркемей, ақшасын қалтаға
басқан. Сол кезде прокурорлар судьядан сарай басшысына 11 жыл, есепшіге 10 жыл
жаза кесуді сұраған еді.

Ал, Алматы
қаласының Алматы аудандық соты «Жас Отау» неке сарайының бұрынғы басшысы Әлия
Тұтқышева мен оның есеп-қисап қызметін атқарған Назым Мамырхановаға қатысты сот
процесіне нүкте қойды.

Сот үкіміне сәйкес,
айыптылар 7 жылға бас бостандығынан айрылып, мүлкі тәркіленетін болды. Сондай-ақ
олар «Жас Отау» неке сарайының шотына 105 млн. теңге аударады. Алайда, қылмыспен
қолын былғаға ханымдардың қорғаушысы сот шешімімен келіспейтіндігін алға
тартты. Сол үшін де қалалық және жоғарғы сотқа шағым түсірмекші.

Динара Дүрмән 

Серіктес жаңалықтары