ҚАС-ҚАҒЫМ СӘТТІ КӨРСЕТКЕН НӘЗИРА ӨНЕР

ҚАС-ҚАҒЫМ СӘТТІ КӨРСЕТКЕН НӘЗИРА ӨНЕР

ҚАС-ҚАҒЫМ СӘТТІ КӨРСЕТКЕН НӘЗИРА ӨНЕР
ашық дереккөзі
352

Мұнда
қазақтың бай фото­шежіресі жинақталған. «Өмір қас-қағым сәттерден тұрады. Тарих
та солай. Оны өмір сүріп жүрген адамның өзі де бақылай алмайды. Әр адамның
өмірі осындай қас-қағым сәттердің жиынтығы екені анық. Ендеше бір отбасы ғана
емес, жалпақ жұрттың – бүкіл халықтың қас-қағым сәттерінен тарих құралмай ма?».
Бұл белгілі актер, Қазақ КСР-нің халық әртісі Сәбит Оразбаевтың пікірі. Фото
суреттер өмірдің қас қағым сәттерін бейнелеуден тұрады. Әрі тарих, әрі шежіре. 

«Қазақтың фото
шежірелері» атты жинаққа Қазақстанның 1930-2000 жылдар аралығындағы
тыныс-тіршілігін, ұлттық салт-дәстүрін, соғыс және еңбек ардагерлерін, әр
саладағы белгілі тұлғалардың бейнелерін мәңгілік тарихта қалдырған, баспасөз
арқылы халыққа танытқан, ел сүйіспеншілігіне бөленген ардагер фотошежірешілер
еңбегіне арналып отыр. 

Фотожинақты бүгінгі
қоғамға аса қажет болып тұрған фотожурналистика жүйесін қалыптастыру, дамыту
мақсатында құрылған «ФОТОӨНЕР» қоғамдық бірлестігі ұсынған. Құрастырушысы –
Асылхан Әбдірайым. 

«Фотосурет түсіру –
нағыз шынайы өнер. Заңғар фотограф – замана шежіресі. Мен фотографқа өзімнің
әріптесім, өнерпаз ретінде қарап, өшпес еңбегін сүйсіне сыйлаймын. Осыдан ширек
ғасырдай бұрын бір фотографқа қайырылған өлеңімде: 

«Қас-қағымды қарт
тарихқа сыйлайсың,

Ізсіз-түзсіз жоғалтуға
қи­майсың», – дегенім есіме түседі», – дейді Қазақстанның Халық Жазушысы
Мұзафар Әлімбай. 

Замана шежіресінен сыр
шертетін бұл жинақты қолмен ұстап, көзбен көрудің өзі бір ғанибет. Өйткені
бұдан «Бір өте сұлу да сымбатты, нәзік те нәзира саласы – фотоөнерді» табасыз. 

Гүлзина Тұрғанбайқызы

Серіктес жаңалықтары